Әубәкір Жандос Мағазбекұлы
Әубәкір Жандос Мағазбекұлы - 1975 жылы 3 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Абай ауданындағы Көкбай атындағы орта мектепті алтын медальмен бітіреді. 1992-1996 жылдары «Семей» мемлекеттік университетінде оқып, оны үздік дипломмен аяқтайды. 1996 жылдың бірінші қыркүйегінен қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушы болып қабылданады. 1996 жылдың желтоқсан айында осы университетінің аспирантурасына түседі. 1999 жылы ҚРҒҰА жанындағы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында “Көкбай Жанатайұлының әдеби мұрасы” тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады. 2000 -2001 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқытушы. 2002 -2003 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университеті күндізгі оқу бөлімі деканының орынбасары болады. 2003-2006 жылдары М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің әлеуметтік-экономикалық жұмыстар жөніндегі проректоры. 2006-2007 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры қызметін атқарады. 2007-2008 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университеті филология факультетінің деканы. 2008-2009 жылдары - М.О.Әуезов атындағы Семей университеті инновациялар және ЖОО-нан кейінгі оқыту Орталығының директоры. 2009 жылдан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу Орталығының директоры болып қызмет атқарды. 2010-2015 жылдары ақпанынан Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби –мемориалдық қорық-мұражайының директоры болып қызмет атқарды. 2015 жылдың 24 қарашасынан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы директоры болып қызмет атқарып келеді. Қазіргі таңда 128 ғылыми мақаласы, бір монографиясы, үш оқу құралы жарияланған. Көкбай Жанатайұлының тұңғыш шығармалар жинағын шығарушы. 2009 жылы «Шәкәрім Құдайбердіұлы. Библиографиялық көрсеткіш» атты еңбегі жарық көрді. 2008 жылғы Қазақстан Республикасы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері. 2009 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған. 2011 жылы - ШҚО Семей қаласы әкімінің алғыс хаты, ШҚО Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының грамотасымен марапатталған. 2012 жылы - Семей қаласы әкімінің грамотасымен марапатталған. 2014 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылы – «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды. 2015 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғысымен» марапатталды. 2015 жылы – «Құрмет» орденімен марапатталған
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...