Бақытжан Момышұлы
МОМЫШҰЛЫ БАҚЫТЖАН (1941 – 2012) 3 қарашада Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогигалық институтына оқуға түсіп, сосын оқуын Шет тілдері институтында жалғастырған.
Шығармашылық еңбек жолын Жамбыл облысы Жуалы ауданының «Новая жизнь» (1963) және Жамбыл облыстық «Знамя труда» (1964) газеттерінде бастап, 1965 жылдан республикалық «Ленинская смена» газетінде жалғастырады. 1972 жылы «Жазушы» баспасының орыс аударма редакциясына жұмысқа тұрады. Әдебиеттегі жолын көркем аудармадан бастаған.
Өзінің төл шығармаларымен қатар Шерхан Мұртаза, Кәкімжан Қазыбаев, Кемел Тоқаев, Шаим Шаваев, Оралхан Бөкеев, Сейдахмет Бердықұлов, Қалдарбек Найманбаев, Жайсаңбек Молдағалиев, Мәди Айымбетов, Болат Бодаубаев сынды жазушылардың шығармаларын орыс тіліне аударды.
«Добрые мосты» (1972), «Раскаленные камни» (1974), «Прозрачные льдины» (1976), «Тихие голоса» (1978), «Я еще ребенок» (1982), «Когда ты рядом» (1983), «Мен әлі сәбимін» (1984), «Жанымның жарық жұлдызы» (1985), «Восхождение к отцу» (1986), «Детивеликаны» (1988), «Во имя отца» (2001), «Сыновья Великого Волка» (2004), «В поиске света» (2004), «Путь Огненного орла» (2005), «Орда алая и мечеть белая» (2006), «Сердце Волка» (2007), «Преломление Света» (2008), «Явление синего Таутеке» (2011), «След птицы в небе» (2011), «Предание князей времени» (2011), «Мелодии детей солнца» (2013), «Свет волчьей тропы» (2013), «Тропой пера и дорогой меча» (2015) атты кітаптары жарық көрді.
Кезінде бітпей қалған «Черная звезда», («Қара жұлдыз») атты ертегі-повесін 2019 жылы қазақстандық жазушы Юрий Серебрянский аяқтап, жарыққа шығарды. «Құрмет» орденінің, Жазушылар одағы сыйлығының иегері. Л.Н. Толстой медалімен, Ауған соғысы ардагерлерінің «Құрмет белгісімен» марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
