Аян Қажыбай
Аян Төлегенұлы Қажыбай 1982 жылы Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Әдебиеттанушы-ғалым. 1999 жылы Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 қазақ орта мектебін, 2004 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тарих-филология факультетін бітірген. 2004–2007 жылдары аталмыш оқу орнының қазақ әдебиеті және шетел әдебиеті кафедрасының аспирантурасында оқыды. 2010 жылы «Белгібай Шалабаевтың ғылыми-сын, әдеби аударма еңбектері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 31 наурыздағы шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2008 жылдан Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті қазақ филологиясы және орыс филологиясы кафедраларының аға оқытушысы болып қызмет етіп келді.
2012 жылдан «Көкше» академиясы Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің «Қазақ филологиясы және шет тілдер» кафедрасының доценті міндетін атқарып келді.
2016 жылдан Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінің «Филология» бөлімінің «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушысы болып қызмет етіп келеді.
Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының шешімі бойынша VI Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқаудың жеңімпазы ретінде «Үздік Ұстаз» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының Жалпы жиналысының 2018 жылғы 12 мамырдағы шешімімен Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының коррес-пондент мүшесі болып сайланды.
Еңбектері:
1. Белгібай Шалабаев: Өмірі мен ғылыми-шығармашылық қызметі. Биобиблиографиялық көрсеткіш. – Көкшетау: «Келешек–2030», – 212 б. (13,2 б.т.) – (қазақша, орысша). – көмекші оқу құралы;
2. Белгібай Шалабаевтың ғылыми-зерттеу және көркем аударма еңбектері. Монография. – Көкшетау: «Көкше» Академиясының баспасы, 2015. – 556 б (32,47 б.т.);
3. Белгібай Шалабаевтың ғылыми-сын, әдеби аударма еңбектері. Монография. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2018. – 408 б. (44,25 б.т.)
Көп оқылғандар
28.10.2026
1855
26.10.2026
1579
28.10.2026
1564
27.10.2026
938
27.10.2026
795
26.10.2026
790
28.10.2026
469
28.10.2026
437
24.10.2026
392
25.10.2026
390
28.10.2026
379
28.10.2026
279
29.10.2026
258
23.10.2026
257
21.10.2026
4386
22.10.2026
4239
20.10.2026
3377
07.10.2026
3284
15.10.2026
3212
20.10.2026
2928
09.10.2026
2879
16.10.2026
2575
09.10.2026
2291
05.10.2026
2291
30.09.2026
2175
08.10.2026
2132
15.10.2026
2122
14.10.2026
1878
