Алмахан Мұхаметқалиқызы
1.Тегі, аты, жөні: Алмахан Мұхаметқалиқызы (төлқұжат бойынша) Алмахан Мухаметкалиевна
2. Туған жылы мен мекені: 4 желтоқсан 1962 жыл. КХР, Чагантогай.
3. Ұлты: қазақ
4. Білімі: жоғары. Семей мемлекеттік пед. иституты
5. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: 2005 ж. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстан Республикасының үздік ақын номинациясының иегері. (2016 ж. қараша.)
6.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградалармен марапатталды және уақыты: ҚР Президентінің 2016 ж 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік төсбелгісімен, «Абай» төсбелгісімен, ҚР Мәдениет саласының үздігі медельімен марапатталды.
7. Үйінің мекенжайы: Астана қаласы, Нәжмеденов көшесі, 10/3 192 пәтер.
8. Жалпы жұмыс өтілі: 38 жыл;
9. Мәдениет саласындағы жұмыс өтілі: 29жыл
Абай шығармашылығы мен мұрасын тануда айрықша мәні бар бастама көтеріп, 2010 жылы Астанадағы Қазақстан-Ресей университетінен тұңғыш рет «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығын ашып, Елордада аталған орталықтың негізін қалады.
Орталықтың нәтижесінде «Абайтану курсы», «Ұлылар мекеніне саяхат», «Абай биігі - ұлт биігі», «Әнді сүйсең менше сүй» бағдарламалары, «Астана ақшамы» газетінен ашқан «Абай нұры» айдары арқылы үзбей жарияланып тұрған циклдық зерттеу мақалалар, т.б. аса қажет құндылыққа қосылды. Абайдың өнер мектебін қалыптастыру мақсатында талантты жастар арасынан «Абай нұры» атты өнер клубы ашылды.
Бұған дейін де Семейдегі Республикалық Абай қорық-мұражайында 18 жыл мәдени-ағарту қызметінде Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылығы мен ақын-жазушылар, көрнекті қоғам қайраткерлерінің әдеби-ғылыми кештерін өткізіп, үгіт-насихат жұмысына белсене араласты.
Жетістіктері:
1985-2014 жылдар аралығында аудандық, облыстық, Республикалық байқаулар мен мәдени іс- шараларда әртүрлі жүлделі марапаттар мен алғыс хат, грамоталармен марапатталды.
1999 ж. «Жансая» - Семей, «Полиграфия» баспасынан жыр жинағы жарыққа шықты.
2002 ж. «Тылсым сыры» - Семей, «Тенгри» баспасынан жыр жинағы жарық көрді.
2003 ж. «Жыр-ғұмыр» - Семей, «Таңдау» баспасынан жыр жинағы жарық көрді.
2005 ж. Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған республикалық мүшәйрада жүлделі орынға ие болған «Донор және тек» поэмасы үздік әдеби жинаққа енгізілді.
2007ж. «Шабыт шағымы» - Алматы, «Өнер» баспасынан жарық көрді.
2008 ж. «Жыр ғұмыр» - Семей қалалық мәдениет сарайында әдеби-шығармашылық кеші өткізілді.
2009ж. «Мұң - менің мәңгі ұстазым» - Новосибир баспасынан жарық көрді.
2010 ж. «Бір бөтен ой айтқым келеді» атты жыр жинағы Астана «Фолиант» баспасынан шықты.
2010 ж. 25 қазанда Қазақстан мәдениет министрлігінің қолдауымен Астана қаласы, Ұлттық академиялық кітапханада ақынның «Бір бөтен ой айтқым келеді» атты шығармашылық кездесу кеші өтті.
2010 ж. Елордасы – Астанада Абай шығармашылығы мен мұрасын тануда айрықша мәні бар бастама көтеріп, Қазақстан-Ресей университетінен тұңғыш рет «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығын ашты.
2010-2014 ж.Астана бойынша 36 сағат негізінде «Абайтану курсы» жүргізіліп, 47 ұстазға куәлік берілді.
2011 ж.Абайдың өнер мектебін қалыптастыру мақсатында талантты жастар арасынан «Абай нұры» атты өнер клубын ашты.
2010-2014 ж.«Ұлылар мекеніне саяхат» бағдарламасы бойынша Астана -Семей - Жидебай сапарымен 147 адам экскурсиялық, танымдық саяхатқа барып қайтты.
2012 ж. «Абай биігі- ұлт биігі» атты Абай шығармашылығына байланысты суретшілер арасында қалалық байқау ұйымдастырды.
2013 ж. «Әнді сүйсең менше сүй» тақырыбымен Абайдың музыкалық мұрасы, Абай әндерінің байқауы ұйымдастырды.
2012 ж. Әр апта сайын «Астана ақшамы» газетінен ашқан «Абай нұры» айдары арқылы үзбей жарияланып тұрған циклдық зерттеу мақалалар, зерттеулер аса қажет құндылыққа қосылды.
2012 ж. Абайтану саласында қосқан үлесі үшін қала әкімі И. Тасмағамбетовтің Алғыс хатпен марапаттады.
2016ж. Астанададағы Ұлттық Академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен Республикалық ақындар арасында жарияланған оқырмандар таңдауы бойынша «Үздік ақын» номинациясын иеленді.
2016 ж. ҚР Президентінің 29 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.
2019 ж. Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен конференцияда Елордада Абай атындағы меткеп болуына ұсыныс жасап, зиялы қауымның қолдауымен №87 –ші Абай атындағы мектеп-гимназия ашылды.
2019-20 ж. Елордадағы №87- ші Абай атындағы мектеп-гимназиясы жанынан жылдар бойы жинаған тарихи-мәдени, әдеби, фото мұрағаттардан «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығын екінші рет ашты.
2019-2020 ж. №87 ші Абай атындағы мектеп-гимназиясында оқушыларды кезең-кезеңге бөліп, жас ерекшеліктеріне қарай «Бала Абай» (1-5 сынып), «Ақын Абай» (6-8 сынып), «Хакім Абай» (9-11сынып) бойынша «Абай әлемі» бағдарламасы бекітіліп. Астана қаласы бойынша оқыту ұсынылды.
2020 ж. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ҚР Мәдениет және спорт миистрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі марапатына ие болды.
2020 ж. ҚР «Белес» өнер орталығы «Абай халық данасы» атты республикалық байқаудың «Абай» төсбелгісімен марапатталды.
2020 ж. ҚР Астана қаласы, тілдерді дамыту «Рухатият» орталығының тіл фестивальі аясында арнайы Алғыс хатпен марапатталды.
2020 ж. Астана қаласы, білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат берілді.
2021 ж. Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталды.
2021 ж. Абай атындағы халықаралық мәдениет орталығының ұйғаруымен Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Абай» төсбелгісімен марапатталды.
2021 ж. Астана қаласы, қалалық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
2021 ж. Астана қаласы, Біліктілікті арттыру орталығының музей ісі «Оқу –тәрбие үрдісінде мектеп музейлерін тиімді пайдалану» жөніндегі шаралар негізінде арнайы сертификатқа ие болды.
2021 ж. Республикалық желілік Абай мектептері арасында «Білім берудегі 4К моделі: теория және әдістеме» бойынша арнайы онкүндік курстан өту сертификаты табысталды.
2021 ж. Астана қаласы, білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесіне белсене араласқаны үшін Абай атындағы халықаралық мәдениет орталығы «Абай сыйы» сыйлығы берілді.
2021 ж. «Асыл қазына» телевизиялық-инелектуалдық жобаға қатысып, «Асыл қазына» жеңімпазы атанды.
Көп оқылғандар
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Бір күні бәріміз оянармыз
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жас кітапханашылар кездесуі өтпек
Дәулет Тельман. Сизифтік сәт
Махамбет-ғұмыр
Жағда Бабалықұлы. Мықтар әлемі
Әкім Тарази атындағы оқу залы ашылды
Әділет Ахметұлы. Сағыныш - егіз ұғым Жәркенменен
Роза Мұқанованың шығармашылық әлемі
"Махамбетті оқысам да, өлеңде басқа жолмен кеттім..."
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Саянның жаңа тынысы
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Жақсының көзі...
Жазушы және қолжазба: қаламұш, мәшіңке, компьютер
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
"Танакөз" театрда
Қабиден Қуанышбай. Аққыз
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі