Ұлжан Дәуренбекова
Ұлжан Әшірбекқызы Дәуренбекова – 1951 жылы Өзбекстанның Сырдария облысы, Сейхунабад ауданында шаруа отбасында дүниеге келген.
Әкесі – Әшірбек, Үндемес байдың немересі, Дәуренбектің ұлы болғанына жазықты болып, 1928 жылы қуғын-сүргінде Өзбекстанға екі рет келіп, қайтып Шәуілдірге барып тіпті колхоздың қара жұмысына да алынбайды. Ликбезде мұғалімдік жұмыста жүріп, «Байдың баласы мұғалім болмайды» - деп қуғынға түседі. Аңшылар қоғамына бригадир болып орналасқанымен, онда да қудалау көрген соң 1939 жылы Өзбекстанға қоныстанады.
Сағынышы санасын билеп, 1965 жылы туған еліне Отырар ауданы «Темір» станциясына көшіп қоныстанды. Атажұртқа оралған отбасының қызы Ұлжан Әшірбекқызы Дәуренбекова 1968 жылы «Темір» орта мектебін бітірді.
Бала кезінен жырға әуес Ұлжанның алғашқы балауса жырлары мектептің қабырға газетіне шығып, аудандық «Қызылқұм» газетіне өлең, әңгімелері жарияланды.
Өлеңге деген ынтызарлық Ұлжанды 1969 жылы Сырдария қаласындағы Ғ.Ғулам атындағы пединституттың қазақ тілі және әдебиеті бөліміне оқуға жетелейді. Оқу орнын 1973 жылы бітіріп, алғашқы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, Мақтаарал ауданы Э.Тельман орта мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарды. 1974 жылдың күзінде отбасылық жағдайына байланысты Өзбекстан Республикасы, Жызақ облысы, Мырзашөл ауданы С.Сегізбаев атындағы №4 орта мектебіне ауысты. «Радость» балалар бақшасына меңгеруші болып орналасқан сәттен бастап, қазақ тілін жандандыру мақсатында «Радость» балалар бақшасының атауын «Балдәурен» деп өзгеруіне бастамашы болды. «Балдәурен» балалар бақшасына мегеруші әрі мектепте қазақ тілі пәнінен мұғалімдік қызметті қатар ала жүріп, көптеген марапаттарға ие болып, ел құрметіне бөленді.
Елге еткен еңбегі еленіп, «Өзбекстан Республикасының оқу ісінің үздігі», «Ең жоғары санаттағы ұстаз» атағын иеленді. Қаламгерлікті қатар ала жүріп, көптеген әңгіме, новеллалары «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Парасат» секілді Қазақстанның орталық басылымдарында жарық көрді.
Өзбекстандағы қазақша, өзбекше газеттерде әңгіме, новеллалары өзбек, қарақалпақ, тәжік тіліне аударылып, жарық көрді. «Үндемес», «Аққуды атпас болар» атты кітаптары баспадан шығып, өз оқырмандарының ықыласына бөленді. Ұлжан Әшірбекқызы жазған «Қазақ тілі пәнінен мұғалімге әдістемелік көмекші құрал» атты еңбегі мектепте көмекші құрал ретінде қолданылуда. Бес перзентті дүниеге әкелген ардақты ана перзенттерінің барлығын елге қызмет етуге тәрбиеледі. Жоғары білім алған перзентерінің үшеуі экономика саласының маманы. Біреуі инженер-заң саласының маманы. Перзенттерінің барлығы бақытты отбасын құрып, он немере сүйіп отырған қадірменді әже, зейнеткер ұстаз. Келіндері ұстаздық жолын жалғастырып, күйеу балалары да жоғары білім алып, өз мамандығы бойынша еңбек етуде. Әлеуметтік салада қызмет істеп, зейнеткерлікке шыққан азаматы екеуі өздері өсіріп, тәрбиелен ұл-қыздарының амандығын тілеп, ел тыныштығын тілеп өмір кешуде.
Көп оқылғандар
Жасанды интеллект және әдебиет
Таласбек Әсемқұлов. Күй өнерінің болашағы
ХХ ғасыр басындағы білім мен мәдениетке ұмтылыс
Алаш аудармасын жаңғыртқан
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Бір күні бәріміз оянармыз
Қос шынар
Дәулет Тельман. Сизифтік сәт
Әкім Тарази атындағы оқу залы ашылды
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Би өнерінің биігіндегі «Наз» театры
Міржақыптың музыкалық мұрасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Роза Мұқанованың шығармашылық әлемі
"Махамбетті оқысам да, өлеңде басқа жолмен кеттім..."
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Саянның жаңа тынысы
Жақсының көзі...
Жазушы және қолжазба: қаламұш, мәшіңке, компьютер
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
"Танакөз" театрда
Қабиден Қуанышбай. Аққыз
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі