Қалиолла Ахметжан
Қалиолла Ахметжан - суретші, этнограф-қарутанушы. 1949 жылы 6 сәуірде Ақмола облысы Алексеевка ауданы, Өрнек ауылында туған. И.Е.Репин атындағы сәулет және мүсін, кескіндеме институтының кескіндеме факультетін бітірген, (1977), кескіндемеші-суретші. Тарих ғылымдарының кандидаты (2003). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақтың дәстүрлі жасақтары: генезис, құрылым, ұлттық мәдени қызметі (тарихи-экологиялық зерттеу)». «Жараған темір кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері)» (1996) монографиясының, сонымен қатар 70-тен астам ғылыми, ғылыми-танымдық мақалалардың авторы. Қазақтардың дәстүрлі қарулану шежіресі бойынша білікті маман. Ең белгілі жұмыстарының бірі - «Қырау». Чехословакия, Эстония, Оңтүстік Корея, Германия көрмелерінде жұмыстары көрсетілген. 1995 жылы - Кино үйінде, 1997 жылы - ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында жеке көрмелерін өткізген. Жұмыстары Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының, ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының, ҚР Президенттік мәдени орталығының, Невзоров атындағы Семей өнер мұражайының қорларында; ҚР Президентінің резиденциясында, Кутаиси қаласының картиналар галереясында (Грузия), Қазақстан, Англия, АҚШ, Швеция, Пәкістан, Германия жеке коллекцияларында сақталуда. 1977 жылдан - Ө.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінің арнайы тәртіп оқытушысы. 1996-2000 жылдары - ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының этнология бөлімінде аға ғылыми қызметкер. 1996-1998 жылдары - қосымша ҚР ҒА М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтының көркемөнер бөлімінде аға ғылыми қызметкер. 2000 жылдан - ҚР Президенті мәдени орталығы қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі (Астана қаласы). 2004 жылдан бері - ҚР Президенттік мәдени орталығының кеңесшісі (Астана қаласы). ҚР Суретшілер одағы хатшылығына сайланған. КСРО, ҚР Суретшілер одағының, ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі. I «Жігер» Жастар шығармашылығы фестиваліне (1979),көптеген топтық, қалалық, республикалық және шетел көрмелеріне қатысқан.«Ана тілі» газеті сыйлығының лауреаты (1992). «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, ҚР Көркемөнер академиясының алтын медалімен (2006) марапатталған. Мәдениет қайраткері.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
