Мөлдір Аманғазықызы
Мөлдір Аманғазықызы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша 2 курс PhD докторанты.
Мөлдір Аманғазықызы 1992 жылы 16 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің түлегі. Бүгінгі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша 2 курс PhD докторанты. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті қазақ филолологиясы факультеті деканының орынбасары. Әдебиеттанушы. Кәсіби аудармашы.
Жоғары оқу орнының «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған «History of Foreign Literature» («Шетел әдебиетінің тарихы») оқу құралының авторы. Аталмыш оқу құралы «Шетел әдебиетінің тарихы» пәнін ағылшын тілінде оқытуға арналған. Сондай-ақ, жалпы білім беретін орта мектептің 11 сыныбына арналған «Орта мектептің 11 сыныбында эпикалық шығармаларды оқыту» (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 11 сыныптарға арналған) атты оқу бағдарламасының авторы. Осы бағдарламаның тиімділігіне байланысты зерттеу жұмыстарын «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізіп, оқу бағдарламасының орта мектептің 11 сыныбында эпикалық шығармалардың мазмұнын меңгертуде, тереңдете оқытуда нәтижелі болуына байланысты, бағдарлама осы мектептің оқу үрдісіне енгізілген, нәтижесінде педагогикалық технология қорытындыларын оқу үрдісіне енгізу туралы акті құрастырылған.
Мөлдір Аманғазықызының ғылыми-зерттеу жұмысына байланысты 30-ға жуық мақаласы халықаралық, республикалық ғылыми конференция жинақтарының материалдарында жарық көрген. 2019 жылдың 21-24 қараша аралығында Қазан (Приволжский) федералды университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Еуразиялық гуманитарлық ғылым контекстіндегі татар тіл білімі» атты жыл сайынғы ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Исследование городской прозы в русском и казахском литературоведении» тақырыбында баяндама жасап, Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының директоры Р.Р. Замалетдиновтың сертификатымен марапатталған.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды