Оуяң Ю
Оуяң Ю, Австралияның батыс әлеміне белгілі ақыны, жазушы. Қытай-ағылшын тілдерінде жазады. Роман, жыр жинақ, монаграфиялық және өзгеде ғылми еңбектерден тұратын 106 кітаптың авторы. 1996 жылы ағылшын тіліндегі поэзия және әдеби аудармаға қатысты 4 конкурыстың жеңімпазы атанған. 1997 жылы Австралияның үздік аударма әдебиет сыйлығымен марапатталған. 2011 жылы «Ағылшын сыныбы» («English Class») романы Австралияның оңтүстік Уилист штат гобернаторы атындағы әдебиет сыйлығына ие болған. Бейжің универсиетінде, Гонкоң универсиетінде, Швед универсиетінде жұмыс істеген. Қазір Шанхай универсиетінде сабақ береді және поэтикалық семинар жүргізеді.
Оуяң Ю қазақ ақындарын ағылшын, қытай тілдеріне аударған.
Өткен жазда Оуяң Ю мырза Астана қаласының 20 жылдығына байланысты шет ел ақындарының қатарында Қазақстанға келді. Астанада, Баянауылда болды. Оның шығармашылық жолына қарап отырсаң, ақынның 1991 жылы Қытайдан Австралияға қоныс аударуының мән-мағынасы бөлек. Ақын осы қадамы туралы «мен саяси имигрант емеспін» деген. Сол тұста қытайдан кетіп жатқан өзге қаламгерлермен арадағы парқын көрнекілендіргендей сипат беретін бұл сөз шын мәнісінде оның шығармашылық ұстанымына көбірек назар аудартады. Мұндағы түйін ақын өлеңдерінің сол кезеңнен қазірге дейін постмодернистік және алғадайлықтан (avant-garde poetry) танбай келе жатқандығында. Жоғарыдағы екі атау кейде тоғысса, кейде бір-бірінен алшақ жататыны белгілі. Әсіресе, бастан ақыр алғадайлықтан жазбау оңай шаруа емес. Ақынның «өлеңге ұқсамайтын өлең жазғым келеді», дегені бар. Ол және «алғадайлық деген заманға қарсы жүзу және үздіксіз жаңалық іздеу», дейді. Ақын өлеңдері тіке түйсікке, мезеттік әсерге құрылған, танымдағы жаттанды түсініктер мен мәтіндегі формашылдықтан қашады, бәріне күдікпен қарайтын, үлкен, айқайлап айтатын ақиқаттардан жерінген көңіл-күй басым. Ұғым емес, адам факторы алға шығады. Өлеңдері тұғыр мен тұтастық ақырласқаннан кейінгі дүниедегі жеке адамның мәтіндегі болмысына жақын.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1664
05.10.2026
1545
05.10.2026
1529
08.10.2026
1448
09.10.2026
1365
08.10.2026
805
08.10.2026
675
05.10.2026
652
09.10.2026
643
05.10.2026
549
09.10.2026
516
09.10.2026
216
18.09.2026
3167
21.09.2026
3154
25.09.2026
3062
17.09.2026
2822
29.09.2026
2286
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1930
12.09.2026
1911
30.09.2026
1903
27.09.2026
1749
07.10.2026
1664
25.09.2026
1614
11.09.2026
1569
05.10.2026
1545
