Қозыбаев Манаш
Манаш Қабашұлы Қозыбаев 1931 жылы 16 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында туған. 1953 жылы ҚазМУ-ды бітірген.1953-58 жылдары Қостанай педогогикалық институтында, 1958-74 жылдары СОКП ОК жанындағы Марксизм-ленинизм институтының Қазақ бөлімшесінде, 1974-79 жылдары Алматы мал дәрігерлік институтында, кейін ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру институтында ғылыми-педогогикалық жұмыстармен айналысты. 1979-86 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясының Бас редакторы; 1986-88 жылдары Қазақстан ҒА Тарих және этнол. институты тарихнама бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылдан өмірінің соңына дейін осы институт директоры болды. 2002 жылыАлматыда қайтыс болды.
Оның 30 монографиясы, 50-ден астам ұжымдық еңбектері бар. М.Қозыбаевтың басшылығымен “Қазақстан тарихы” академиялық басылымының 3 томы, ағылшын тілінде “Қазақстан тарихы”, көптеген құжаттар жинақтары, т.б. жарық көрді. Қозыбаев отандық тарихнамада жеке ғылыми мектеп қалыптастырды. 90-ға жуық шәкірт тәрбиеледі. Халықар. конгрестерде, конференциялар мен симпозиумдарда 200-ге жуық баяндамалар жасады. Еңбектері Ресей, Украина, Қытай, Түркия, Иран, АҚШ, Корея, Армения, Беларуссия, тағыда басқа елдерде жарық көрді.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1569
28.10.2026
1520
27.10.2026
864
28.10.2026
849
26.10.2026
770
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
294
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2116
14.10.2026
1873
