Өтебай Тұрманжанов
ТҰРМАНЖАНОВ ӨТЕБАЙ (1905 – 1978) Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғыз ағаш деген ауылда туған. Ташкентте №4 жетім балалар үйінде тәрбиеленген. 1925 жылы Мәскеуде КУТВ (Шығыс еңбекшілері Коммунистік университеті) бітірген соң, Ташкенттегі Орта Азия Коммунистік университетінде оқыған.
1931 жылы Алматыға келіп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында әдебиет пәнінен сабақ береді. Педагогикалық қызметте жүріп, Қазақ мемлекеттік баспасының оқу-әдістемелік секторын басқарады. «Әдебиет майданы» журналы редакторының орынбасары, редакторы қызметін атқарды. Ұзақ жылдар бойы «Жазушы» баспасында бөлім бастығы болып істеді.
Елуге тарта кітап шығарды. «Қошан кедей» атты әңгімелер жинағы 1927 жылы жарық көрген. «Қарлығаш» (1932) ертегі-кітапшасынан бастап, балаларға арналған көптеген өлеңтақпақ, ертегі, әңгіме, повесть, мысал, дастандар жазды. Олардың ішінде «Пулемет», «Сұңқар түлектер», «Жауқазын», «Құралай», «Ұршық», т.б. бар. Таңдамалы өлеңдері мен дастандарының бір томдығы 1936, 1957, екі томдығы 1975 жылдары шыққан.
Қазақтың мақалдары мен мәтелдерін жинап, бастырған (1935, 1980). Ертегілерді өңдеп, жариялады. «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» аталатын мысал-дастаны көптеген туысқан республика тілдеріне аударылды. Үлкендерге бірсыпыра өлең, «Пулемет» (1933 жылы республикалық жабық конкурста бәйге алған), «Карл», «Қыран қыз», «Байғыз» секілді поэмалар ұсынды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
