Қажым Жұмалиев
ЖҰМАЛИЕВ ҚАЖЫМ (1907–1968) 28 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында туған. Филология ғылымының докторы (1947), профессор (1950), 1946 жылдан Қазақ КСР ҒА-ның коореспондент-мүшесі, 1967 жылдан академик. 1925 – 32 жж. Орынбор мектебінде, Шымкент ауыл шаруашылығы техникумында оқыған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1932).
1932 – 37 жж. осы университетте қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, Алматы жоғары оқу орындарында ұзақ жылдар ұстаз болған. «Ерғожа мен Егізбай» (1929), «Шабуыл» (1933), «Қанды асу» (1934), «Өмір жыры» (1938). «Қырдағы күрес» (1957) атты өлең-поэмалар кітаптары жарық көрген. Исатай-Махамбет көтерілісінің тарихынан жазыла бастаған романның үзінділері «Айқас» деген атпен басылған (1942). «Біржан-Сара» операсы либреттосының, «Арбасу» (Ә.Сәрсенбаевпен бірге) атты драмалық шығарманың авторы. Қазақ зиялы қауымының алғашқы буыны туралы «Жайсаң жандар» (1969) атты естелік жазды.
30-жылдардың соңғы кезінен бастап қазақ фольклорын, әдебиет тарихы мен теориясын зерттеумен шұғылданды. Орта мектеп оқулықтары көлемінде әдебиет тарихын жүйелеумен айналысып, 8 – 9-сыныптар үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын, «Әдебиет теориясын» (1938; 3-бас., 1969), жоғары оқу орындары филология факультеттеріне арналған «XVІІІ-XІX ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1967) оқулығын жазды.
Махамбет шығармаларын жинап, бастырып (1939, 1958, 1960), ақын шығармашылығына (1948), қазақ фольклоры мен әдебиетінің байланыстарына, Абай поэзиясына арналған монографиялық еңбектер жазды. Көп томдық «Қазақ әдебиетінің тарихын» (2-1., 1-кіт., 1960) жазуға қатысып, 2-томның редакциясын басқарды. Шығармалары: Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. А., 1948; Қазақ эпосы мен әдебиеті тарихының мәселелері. 2 томдық, 1 – 2-т., А., 1958 – 1960; Стиль – өнер ерекшелігі. А., 1968.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
