Заңғар Кәрімхан
Заңғар Тілеуғазыұлы КӘРІМХАН – әдебиет тарихшысы, сыншы, алаштанушы.
1985 жылдың 23 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ахметбұлақ ауылында туған.
Алты жасында аулындағы Қазақстанның отыз жылдығы атындағы мектептің бірінші сыныбына қабылданып, Ақмола облысы Целиноград ауданының №49 орта мектебін тәмамдаған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын және осы аталған университеттің магистратурасы мен докторантурасын «қазақ әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Ғылыми мектебі: ф.ғ.д., профессор, академик Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғалидың жетекшілігімен «Қалихан Ысқақтың жазушылық шеберлігі» тақырыбында бакалаврлық диплом жұмысын қорғады.
Ф.ғ.к. Мәмесейіт Тұрлыбектің жетекшілігімен «1960-1970 жылдардағы қазақ әдеби сыны» тақырыбында диссертация қорғап, 6М 011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін иеленді.
Әдеби-ғылыми нысаны: әдебиеттану, әдебиет тарихы, әдеби сын.
Ғылыми-зерттеу нысаны: Әдебиеттану методологиясы мен теориясы, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері.
Еңбек жолын Астана қаласындағы «Фолиант» баспасында редакторы болып бастаған (12.09.2007 – 01.04.2010). Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкері (01.04.2010 – 01.04.2011), «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ менеджері (01.04.2011 – 01.04.2012), «Ұлт Таймс» қоғамдық саяси апталығының тілшісі (12.05.2012 – 28.02.2013), «Қазконтент» АҚ «Қазақстан тарихы» интернет порталының редакторы, шығарушы редакторы (31.04.2015 – 09.09.2019), Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми қызметкері (01.10.2018 – 12.04.2019) қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
Шығармашылық еңбектері
Көркем әдеби шығармалары: Алғашқы әңгімелері Л.Н. Гумилев атындағы ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының «Алқа» әдеби ұйымына мүше студенттердің «Арман қанатында» (2006), «Жас қаламгер» (2006) атты прозалық шығармалар антологиясына енген.
Ғылыми бағыттағы кітаптары: «Абай және Алаш. Абайтанудың кейбір мәселелері» (2020) монографиясының (Е. Тоқтарбаймен бірге), «Толағай» (2021) ғылыми танымдық еңбегінің авторы.
Ғылыми бағыттағы ұжымдық еңбектері: «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» (2010), «Замана. Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев. Ә. Ермеков» (2014), «Ісләм Жарылғапов. Шығармалары» (2014), «Сейітбаттал Мұстафаұлы. Имам Ғазали» (2021) атты кітаптарды құрастырған.
Ғылыми экспедициялық сапарлары:
«Қазконтент» АҚ қоғамының қолдауымен «Алаш жолымен» тарихи-танымдық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетекшісі (2017);
«Руханият» орталығының қолдауымен жүзеге асқан «Ұлы абайдың ізімен...» ғылыми экспедициясының мүшесі (2019).
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды