Махат Садық
Мақат Кәбірұлы Садық 1965 жылы 19-ақпанда туған.
ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін, РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын, Халықаралық Бизнес Академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ радиосының тілшісі болудан бастады. Кейін Қазақ телевизиясында бағдарламалар жетекшісі.
1995 жылы «Хабар» агенттігінде редактор, комментатор, «Жеті күн» бағдарламасының авторы, жүргізушісі болды.
1997 жылы «Хабар» агенттігінің атқарушы продюсері, Астанадағы филиалының жетекшісі.
1999 жылы «Қазақстан» телеарнасында ақпараттық бағдарламалардың бас редакторы, «Үш анық» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі.
2000-2005 жылдары «Қазақстан Президенті Телерадиокешенінің» бас директоры.
2005-2006 жылдары «Makhat – Студия» ЖШС Бас директоры, «Фототелерадио» журналының бас редакторы.
2006-2007 жылдары ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.
2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі.
2008 жылы ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі. «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы «Астана» радиосының директоры қызметтерін атқарған.
2022 жылдан ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі жанындағы «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Президенті степендиясының иегері.
«Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» кітабының, 25 деректі фильмнің авторы.
Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1570
28.10.2026
1522
27.10.2026
866
28.10.2026
856
26.10.2026
772
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
295
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
