Райхан Мәженқызы
Райхан Мәженқызы (07.05.1956 ж.т., Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылы) – жазушы, аудармашы, баспагер – ғалым.
Сарыжаз орта мектебінің ( 1973 ) түлегі. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық университетінің математика факультетін (1974-1978) бітірген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында (2000), Алматы экономика және статистика академиясында (2004) оқыған.
Педагогика ғылымдарының кандидаты (2001), философия докторы (2001).
Еңбек жолын туған жерінде, Сарыжаз орта мектебінде, мұғалім болудан бастаған (1978-1979 жж.). Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты «Мектеп» баспасының физика - математика редакциясында редактор (1979-1994 жж.), Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттікте, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінде Баспа бағдарламаларын қалыптастыру басқармасын басқарған (1994-2009 жж.). Кәсіби баспагер ретінде республикамызда баспа ісін қалыптастыру және мемлекеттік, мемелекетаралық және халықаралық баспа бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Австрия (Вена), Қытай (Пекин,Құлжа,Үрімжі), Ресей (Мәскеу,Санкт-Петербург), Германия (Франкфурт), Түркия (Стамбұл), Түркменстан (Ашхабат), Иран (Тегеран), Египет (Каир), Тәжікстан (Душанбе), Украина (Киев), Беларусь Республикасы (Минск), Қырғызстан (Бішкек),Әзербайжан (Баку), Біріккен Араб Эмираты (Дубай, Абу-Даби), Сауд Арабиясы (Эр-Рияд), Франция (Париж), Венгрия (Будапешт), Ұлыбритания (Лондон), Өзбекстан (Ташкент, Бұхара), Чехия (Прага), Татарстан (Қазан) және т.б. елдерде өткізілген халықаралық кітап көрмелеріне, конференцияларға, семинарларға, форумдарға қатысып, баспа ісінің, әлем әдебиеті мен мәдениетінің, ел өркениетінің дамуына көп еңбек сіңірген. Германияның Мюнхен, Норвегияның Осло қалаларында өткізілген Дүние жүзі қазақтарының кіші құрылтайына қатысқан. Мәскеу, Душанбе қалаларында өткен ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының форумына қатысқан жазушы,баспагер-ғалым. Қазақстанда Астана қаласында өткен ТМД елдері шығармашылық және ғылыми зиялы қауымының форумында «Әдебиет және кітап шығару» секциясын және Мерзімді баспасөз, кітап шығару, кітап тарату және полиграфия саласы бойынша Мемлекетаралық Кеңестің тоғызыншы отырысын ұйымдастырушы. 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының «Беркут Принт» типографиясында Бас директордың орынбасары, 2010-2012 жылдары «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қоры «Самұрық – Қазына» корпоративтік университетінде жауапты қызметте, Экономикалық даму және сауда министрлігі «Экономикалық зерттеулер институтының» Президентінің Кеңесшісі, 2013 -2016 жылдары «ҚР Ұлттық Банк», Кеңесші, 2016-2019 жылдары «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығында Бас менеджер, 2019 жылдан бастап «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығында Үздіксіз кәсіби даму Бюросының «әл-Фараби» атындағы Білім орталығының Супервайзері /Bureau for Countinuing Professional Development Ltd /.
«Құрмет» орденінің иегері (2016), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2016), ҚР Баспа және полиграфия ісінің қайраткері (2005), ҚР Мәдениет қайраткері (2006), Ресейдің Валентин Пикул атындағы сыйлығының лауреаты (2013), Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың және Халықаралық «Дарабоз» сыйлығының иегері (2011).
КСРО халық шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін Бронза медалі (1987), «10 жыл Астана»(2008), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) «20 жыл Астана»(2018), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021), "Кітап мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін" (2012), «А.П.Чехов» медалі (2013,Россия), им. И. Федорова «За заслуги в полиграфии и издательском деле» (2013,Россия), «ЗА ВЯЛІКІ УКЛАД У ЛІТАРАТУРУ» (2014,Беларуссия) медальдарының иегері. Мәскеуде өткен бесінші «Кітап өнері» Халықаралық конкурсының жеңімпазы (2007), «Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқытудың таңдаулы әдістемесі» Республикалық байқауының жүлдегері (2010), «Математика» оқу құралы Қытай еліндегі «Ең озық 100 оқулық» тізіміне (2008) енген. Райымбек ауданының «Құрметті азаматы» (2006).
Қазақстан жазушылар Одағының (2005) және Беларуссия Жазушылар Одағының мүшесі (2018) .
Шығармалары қазақ,орыс,ағылшын,түрік,қытай,беларус тілдерінде басылып шыққан.
Шығармалары:
«Санауды үйренейік» ( Алматы: «Мектеп», 1995); «Гүлге тұнған шық» (Алматы: «Ана тілі», 1997); «Бәрін, бәрін білгім келеді...» (Алматы: «Бауыр+» , 2006); «Ақ қайыңның шырыны неге тәтті?» (Алматы: «Бауыр+» , 2007); «Керіктің құпиясы» (Алматы: «Бауыр+» , 2008); «Керіктің құпиясы» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2009); «Тайна Жирафа» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2009); «Айна алдындағы кездесу» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2012); «Ақ қайыңның шырыны неге тәтті?» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2012); «Ара адамды неге шағады?» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2012); «Бірлік пен Мұңлық» ағылшын тілінде (Астана: «Педагогика-Пресс», 2012); «Мақтаншақ алма» ағылшын тілінде (Астана: «Педагогика-Пресс», 2012); «Жатып өскен терек» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2012); «Мақтаншақ алма» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2012); «Балдырғандарға арналған Математика» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2012); «Есікті қаққан еңбек». (Алматы: «Баянжүрек», 2011); Труд, постучавшийся в дверь. (Алматы: «Баянжүрек», 2011); «Бағбан мен бақша», қытай тілінде (Пекин: «Ұлттар баспасы» 2014); «Ара адамды неге шағады?» қытай тілінде (Пекин: «Ұлттар баспасы» 2014); « Қыран бүркіт,Кәрі бұғы және Балық» қытай тілінде ( Пекин: «Ұлттар баспасы» 2014); «Бірлік пен Мұңлық» қытай тілінде (Пекин: «Ұлттар баспасы» 2014); «Керіктің құпиясы» қытай тілінде (Пекин: «Ұлттар баспасы» 2014); «Садоунік і сад» беларусь тілінде (Минск: «Бярозка» №5 /2015); «Таямніца Жырафы», беларусь тілінде (Минск: «Бярозка» №8/2015); «Кітап-ғасыр мұрасы» (Алматы: «Өнер», 2008); «Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері» Энциклопедиялық анықтамалық. (Алматы: «Білім», 2005); «Қызықты математика» (Алматы: «Балалар әдебиеті», 2006); «Математика» (Пекин: «Ұлттар» баспасы, 2008); «Сарбаз» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2009), «Математика» (Астана: «Педагогика-Пресс», 2009 ); «Сауат ашу». Әліппе-Дәптер» (Алматы: «Мектеп», 2003,2007,2011); «Сауат ашу». Дидактикалық материалдар» (Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003-2011); «Сауат ашу». Әдістемелік нұсқау (Алматы: «Мектеп», 2003-2011); «Айна алдындағы кездесу». Әңгімелер: қытай, түрік, орыс тілдерінде жарық көрген.
Международный издательский проект: «Независимый Казахстан: Антология современной литературы», руководитель проекта К.Н.Келимбетов. «Домбра и колыбель». Том 1. Детская литература, Сост: Маженкызы Р., Пряхин Г. (Москва:Художественная литература, 2013 г.); Моих степей полынная звезда. Том 2. Проза. Сост: Маженкызы Р., Пряхин Г. (Москва: Художественная литература, 2013 г.); Дорог небесных вехи. Том 3. Жемчужная поэзия.. Сост: Маженкызы Р., Пряхин Г. (Москва: Художественная литература, 2013 г. );Путь долог, но уверен шаг... Том 4. Эссе, Сост: Маженкызы Р., Пряхин Г. (Москва:Художественная литература, 2014 г.); Да будет зрячею душа… Том 5. Повести и рассказы. Сост: Маженкызы Р., Пряхин Г. (Москва: Художественная литература, 2014 г.); «Навстречу бегущему дню». Том 6. Драматургия. Сост: Маженкызы Р. , Пряхин Г. (Художественная литература, 2015 г. ); «Класс Немата Келимбетова» Сост: Маженкызы Р. , Пряхин Г. (Москва: "Художественная литература", 2015). «Руханият сыры мен рух жыры». Құраст. М.Келімбетов, Р.Мәженқызы (Алматы: «Раритет», 2011); «Тайна духовности и поэзия духа». Сост. М.Келимбетов,Р.Маженкызы (Алматы: «Раритет», 2014); «Немат Келімбетов. Өнегелі өмір» Құраст. Қ.Келімбетов, Р.Мәженқызы (Алматы: Қазақ университеті,2015). «Немат Келімбетовтің танымы мен тағлымы». Құраст. Қ.Келімбетов, Р.Мәженқызы (Алматы: «Раритет», 2015); «Тұлға тұғыры» (Нұр-Сұлтан: 2020); «Арабист Бахтияр Тасымов» қазақ-орыс–араб-ағылшын тілдерінде. Нұр-Сұлтан қ.: «AIIDA baspasy PUBLISHING», 2022);
«Сыздық М.Қуатым менің» /құраст.Р.Мәженқызы (Алматы: «Ана тілі» , 1997); «М.Жолдасбеков. Ел тағдыры-ер тағдыры» /құраст. Р.Мәженқызы (Алматы: «Санат» , 1997); «Тоқаев Кемел. Солдат соғысқа кетті» /құраст. Р.Мәженқызы (Астана: «Елорда», 2000); «Оралхан» /құраст. Р.Мәженқызы (Алматы: «Өнер» баспасы, 2000); Бөкей О. Қайдасың қасқа құлыным:Повестер, әңгімелер /құраст. Р.Мәженқызы (Астана: Елорда, 1999); Бөкей, О. Қар қызы: Хикаяттар құраст. Р.Мәженқызы (Алматы: Раритет, 2008);
Аудармалары: Алесь Карлюкевич «Ақтиін шығарма жазбақшы» (Нұр-Сұлтан: «AIIDA baspasy PUBLISHING», 2021); Алесь Карлюкевич «Саяхатшы Шубуршун » (2021); Стивен Фредерик Старр «Ұмытылған ұлылық: Орталық Азияның Араб шапқыншылығынан Әмір Темірге дейінгі алтын ғасыры» /Жалпы редакциясын басқарған Қ.Келімбетов/ Аудармашылар Төлеғұлұлы Ғ., Мәженқызы Р., Сыздық А. (Нұр-Сұлтан: «Ұлттық аударма бюросы», 2019); Анджела Стент. «Америка мен Ресей бірін бірі неге естімейді?» Ресей–Американ қарым-қатынастарының қазіргі заманғы тарихына Вашингтонның көзқарасы / Жалпы редакциясын басқарған Қ. Келімбетов/ Орыс тілінен ауд. Қ. Əлімқұлов, Р. Мəженқызы. ( Алматы: «Раритет», 2016); Фергюсон Н. «Ақша: Дүниежүзінің қаржы тарихы»/ Жалпы редакциясын басқарған Қ. Келімбетов / Ауд. Ғ. Төлеғұл, Р. Мәженқызы, А. Сыздық. (Алматы:«Раритет», 2016); Д.Эргин.«Энергия: көздерін іздестіру жолында.Ресурстар шайқасы, жаңа технология және энергетика болашағы» / Жалпы редакциясын басқарған Қ. Келімбетов / Орысшадан ауд. С. Бақтыгерейұлы, Р. Мәженқызы, А. Ысымұлы. (Алматы: «Раритет», 2016); Кемп Ф. «Берлин 1961:Кеннеди, ,Хрушев және әлемдегі ең қауіпті жер» /Жалпы редакциясын басқарған Қ. Келімбетов / Аударғандар:Қ. Әлімқұлов, Р. Мәженқызы.( Алматы: «Раритет», 2016); Д. Эргин «Қазына. Мұнай,ақша және билік үшін күрестің бүкіләлемдік тарихы» / Жалпы редакциясын басқарған Қ. Келімбетов/ Аударғандар: А. Ысымұлы,Б. Бәймеш,Ғ. Төлеғұл,Б. Назыке, Р. Мәженқызы,А. Сыздық (Алматы: «Раритет», 2013); Ато Хамдам «Бала Пахта» (Алматы: «Балалар әдебиеті»,2007); А.П.Рымкевич. «Физика есептерінің жинағы»,орта мектептің 9-11 сыныптарына арналған (Алматы: «Рауан»,1998); Л.В.Кузнецова,М.Р. Леонтьева, Ю.Н.Макарычев және т.б. «Алгебрадан дидактикалық материалдар»,9 класс,мұғалімге арналған құрал (Алматы: «Рауан»,1992); «Микрокалькулятор на занятиях по физике для 7 классов» (Алматы: «Мектеп» баспасы, 1992); М.И.Моро,Н.Ф.Вапняр «Математикалық тапсырмалар мен ойындар жазылған карточкалар»,3-класс, мұғалімге арналған құрал (Алматы: «Рауан»,1991); М.И.Моро, Н.Ф.Вапняр «Математикалық тапсырмалар мен ойындар жазылған карточкалар»,3-класс, мұғалімге арналған құрал (Алматы: «Мектеп», 1990).
Көп оқылғандар
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жасанды интеллект және әдебиет
Би өнерінің биігіндегі «Наз» театры
Рудольфио. Аманат
Міржақыптың музыкалық мұрасы
Алаш аудармасын жаңғыртқан
ХХ ғасыр басындағы білім мен мәдениетке ұмтылыс
Таласбек Әсемқұлов. Күй өнерінің болашағы
«Парасат майданы» спектаклінің премьерасына шақырамыз
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Жақсының көзі...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Қабиден Қуанышбай. Аққыз
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Ерлан Аманқожаұлы. Ақынның ақырғы күні
Бір күні бәріміз оянармыз