Қайсын Кулиев
Кулиев Қайсын Шуваевич — балқар ақыны. Қаб.–Балқар ACCP-iнiң халық ақыны (1967). 1944 жылдан КОКП мүшесi. Ұлы Отан соғысына (1941-1945) қатысты. А. В. Луначарский атынд. ГИТИС-те оқыды (1935- 1939). «Армысың, арайлы таңым» деген тұңғыш өлеңi 1937 жылы жарияланды. Кулиев соғыстан бұрын жаңа өмiрдi, туған жер табиғатын көркем бейнелеген лирикалық өлеңдермен көзге түсті. Ол «Менің көршілерім» атты көлемді лирикалық циклінде (1939-1945; бас., 1957) сов. еңбекшiлерiнiң көркем бейнелерін жасады. 3 орденмен және медальдармен марапатталған.
Қайсын Шубаевич Кулиевтің «Армысың, арайлы таңым», «Менің көршілерім», «Аңғарлар жыры», «Кешқүрым», «Дән және жұлдыз» т. б. жыр жинақтары, «Қыс кезі еді» романы жарық көрген. Кулиев шығармалары қазақ оқырмандарына да кең таныс. Ол Абай өлеңдерін ден қоя оқып, үлгі тұтқан. Кулиев «Қымбат мұра» мақаласында («Қазақ әдебиеті», 1971, 5 қараша) Абай поэзиясын қазақ әдебиеті жаңа дәуірінің басы деп бағалады. Ал ақынның туғанына 140 жыл толуына орай жазған «Поэзия батыры» атты мақаласында: «Орыстар үшін Пушкин қандай болса, ағылшындар үшін Шекспир қандай болса, грузиндер үшін Руставели қандай болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдесі жоқ ғажайып құбылыс... Ол поэзияның батыры, құдіретті ақылы, қуатты таланты», - деп жазды («Семей таңы», 1985, Ютамыз). Кулиевке «Жаралы жартас» жыр кітабы үшін РКФСР Мемекеттік сыйлығы, «Жер дастаны» өлеңдер жинағы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1570
28.10.2026
1522
27.10.2026
865
28.10.2026
856
26.10.2026
772
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
295
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
