Ермұханбет Қуандық
Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қуандық Ермұханбет Әбдікерімұлы 1963 жылдың 27- қаңтарында Түркістан облысы Ордабасы ауданының Ықылас Темір аулында дүниеге келген. 1971-1981 жылдары орта мектепте оқыған.
Әскер борышын 1981-1983 жылдары өтеп, арнайы жолдамамен,1984 жылы ҚазМУ-дың тарих факультетіне түседі.
1986 жылы студенттердің құрылыс отряды құрамында, Чернобыльде болып, белсенді интернационалдық көмек көрсетеді. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырушының бірі ретінде және Алматы алаңындағы қақтығыстар ортасында болғаны үшін 5 жыл бас бостандығынан айырылады. Қарлагтың қатаң тәртіптегі еңбекпен түзеу колониясына айдалады... Бастапқы үкім 2 жылға қысқартылып, 1989 жылдың 3-ақпан күні, Е. Қуандық мерзімінен бұрын бостандық алған соң, оқуына қайта қабылданып, 1992 жылы тарих және саясаттану маманы дипломын алып шығады.
Е.Қуандық «1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін тексеру жөніндегі Парламенттік Комиссияның» құрамында, оның жектекшісі М.Шахановтың қоғамдық көмекшісі бола жүріп, жазықсыз құрбандарды анықтауға сүбелі үлес қосты. Басынан өткен Желтоқсан уақиғасына байланысты басынан өткен шынайы уақиғалар негізінде “1 жыл 11 ай 3 күн” атты деректі кітап жазып шыққан.
2000 жылдан бастап кәсіпкерлікпен шұғылданады.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1028
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3365
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
