Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Ж
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы (14.02.1957 жыл, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қыраш ауылы) – жазушы, драматург,журналист, тарихшы, филолог- ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері,Қазақстанның мәдениет қайраткері.

  • ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика (1979) факультетін
  • Алматы жоғары партия мектебін (1991) қызыл дипломмен бітірген.
  • 1979 – 89 жылы Қызылорда облысында аудандық және облыстық газеттерде, облыстық комсомол комитетінде және Журналистер Одағының облыстық ұйымында басшылық жұмыстарда болды. Қалалық Советтің депутаты болды.
  • 1991 жылдан Қазақстан Компартиясы Орталық комитеттінің аппаратында, Президент пен Үкімет аппаратында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
  • 1993-1994 жылдарда Республика президентінің Баспасөз қызметінде бас консультант болды.
  • 1994-1997 жылдар аралығында Республика Үкіметі үкіметтік ресми басылымдарының бас редакторы қызметін атқарды.
  • 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының редакциялық - баспа бөлімінің меңгерушісі болды.
  • 1998 - 2020 жылдар аралығында Республика Үкіметі үкіметтік ресми басылымдарының бас редакторы қызметін атқарды.
  • 2021 жылдан бастап "Қалдан-Жәлден" қоғамдық қорының президенті, "Роман&Драма" әдеби журналының бас редакторы, "Бек-Дидар" баспасының директоры.

Жетістіктері:

  • Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде «Оянған ұрпақ» атты романы (2001) үшін жүлде алды.
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет Министрлігі мен Жазушылар Одағы ұйымдастырған жабық әдеби конкурстарда проза және драматургия жанрлары бойынша бірнеше рет (2006, 2009, 2014, 2017ж) жеңімпаз атанды.
  • Қазақстанның мәдениет қайраткері (2002ж)
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы(2003ж)
  • Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2009ж)
  • "Құрмет" Орденінің иегері (2014ж)
  • Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995ж)
  • "Бәйтерек басындағы кездесу" драмасы Астанадағы Конгресс - холлда сахналанып, оны 1500 көрермен тамашалады (2005ж).
  • "Мұңмен алысқан адам" драмасы ағылшын тіліне аударылып, Астанадағы "Шаңырақ" жастар театрының күшімен қала жұртшылығына көрсетілді (2014ж)
  • Халықаралық "Золотое перо Руси" әдеби сыйлығының жүлдегері (2019ж)
  • Башқортстан жазушылар одағы тағайындаған шетелдік қаламгерлерге арналған әдеби сыйлықтың лауреаты (2020ж)
  • ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тағайындаған халықаралық "Абай" медалінің иегері (2022ж).

Шығармалары:

  • «Біздің команда»
  • «Күн тәртібі»
  • «Сұлтанбек Қожанов»
  • «Нәзір Төреқұлов»
  • "Садықбек Сапарбеков"
  • «Найзашың»
  • «Қызыр қойған Түркістан»
  • «Қасиетті мекендегі қала»
  • "Пенде мен періште"
  • "Жеті жебе"
  • "Ел мен елес"
  • "Тоғыз тұңғиық"
  • "Әуезов және Майлин"
  • "Әбу Насыр Фараби"
  • "Абыз Ахмет Иассауи"
  • «Зов свободы»
  • "Терзание души"
  • "Вечная элегия" - секілді әңгімелер мен хикаяттар, тарихи эсселер кітаптарының авторы.
  • "Қаратау қаһары" (Кең де тар дүние) романдар топтамасы. ("Күлкі мен көз жасы", "Оянған ұрпақ", "Ұмытылған ұрпақ", «Қаратау көкжалы»)
  • «Ащы да тәтті өмір» (Олигарх және олимп, Интерадам, Бумеранг, Бақидан келген келіншек, Жатпланеталық жігіт) - романдарының, 50-ге тарта драмалық шығармалардың (олардың 15-20-сы театрларда сахналанып жатыр) авторы.
  • 2020 жылы Бүкіл Түркі әлемінің мақтанышы Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығы тойланып, осыған орай ғұлама баба өміріне арналған автордың "Отырардың жасыны" және "Аққан жұлдыз құласа ..." пьесалары Талдықорған, Қарағанды және Қызылорда драма театрларында сахналанып, көрермендердің ықыласына бөленді.
  • "Жизнь горькая и сладкая" атты қысқа романдар топтамасы орысша Москвада (Художественная литература, 2020)  жеке кітап болып басылып шықты.
  • 2021 жылы «Ащы да тәтті өмір» деген жалпы атпен екі романы («Олигарх және олимп», «Интерадам») Түркиядағы «Бенгю» баспасында басылды.
  • 2022 жылы Түркияның "Бенгю" баспасынан "Махаббат және өшпенділік кітабы" атты әңгімелер мен пьесалар жинағы жарық көрді.
  • 2022 жылы "Интерадам" және "Жатпланеталық жігіт" деген екі романы, сондай-ақ Әлемнің екінші ұстазы атанған философ-ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби туралы тарихи драмалық дилогиясы ағылшын тіліне аударылып, "Бастард" деген атпен жеке кітап болып жарық көрді.
  • 2023 жылдың 12 - қаңтары күні Анкарадағы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының штаб-пәтерінде "Махаббат пен өшпенділік кітабы" жинағының тұсаукесері ұйымдастырылып, оған түркі тілдес елдердің қаламгерлері, елшілік өкілдері және мәдениет саласының қайраткерлері мен ғалымдар қатысып, тілек-пікірлерін айтты.

Көп оқылғандар