Сламхат Сейітхамзаұлы
Сламхат Сейітхамзаұлы 1951 жылы қараша айының 15 жұлдызында Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы Қаба ауданының Алқабек ауылында туған. 1973 жылы Алтай аймақтық педагогикалық колледжін бітірген. 1973-1983 жылдары орта мектептерде мұғалімдік қызмет атқарған. 1985 жылы Іле педагогика университетін аяқтаған. 1983-1998 жылдары Іле Қазақ автономиялы облыстық білім мекемесінде кеңес меңгерушісі, саяси кадрлар басқармасының бастығы, «Іле ағарту» журналының Бас редакторы болған. 2002 жылдардан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, 2014 жылдан бері Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі. 2003 жылы Т.Жолдыұлының 100 жылдық мерейтойына орай Алматыда өткен халықаралық мүшәйрада екінші орынды иеленген.
2017 жылы «Түркі халықтарының әдебиеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін» «АЛТЫН МЕДАЛІМЕН», 2022 жылдың ақпан айының 2-ші жұлдызында Республикалық жанұялық «Игілік» журналының «ҚҰРМЕТ ИЕСІ» медалімен, 2022 жылы қазан айының 15-ші жұлдызында Түркі әлемі жазушылар одағының «ТҰРАН ТҰЛПАРЫ» медалімен, 2022 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2022 жылы желтоқсан айының 29 күні Астанада Қазақстан Республикасының құрметті азматы атағы берілді.
Сламхат Сейітхамзаұлының өлең толғаулары «Дала дабылы», «Алтай аясында», «Бәйшешек» атты ұжымдық жинаққа енген. Сламхат Сейітхамзаұлы «Ақ жайқын» атты жыр жинағының авторы. "Алынбаған құн", "Қайтпаған кек", "Байтайлақ" поэмаларының авторы және ''Ақ бүрлен'' атты өлеңдер мен мақалалар жинағының, ''Ақнайза''атты поэмалар толғаулар жинағының авторы.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1662
05.10.2026
1545
05.10.2026
1529
08.10.2026
1431
09.10.2026
1337
08.10.2026
803
08.10.2026
675
05.10.2026
649
09.10.2026
588
05.10.2026
549
09.10.2026
512
09.10.2026
212
18.09.2026
3167
21.09.2026
3153
25.09.2026
3062
17.09.2026
2822
29.09.2026
2286
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1930
12.09.2026
1911
30.09.2026
1902
27.09.2026
1749
07.10.2026
1662
25.09.2026
1614
11.09.2026
1569
05.10.2026
1545
