Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев
Иманғалиев Бауыржан Сәбитұлы, 1970 жылы 1 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Орта мектепті өте жақсы бітіріп (1987 ж.), әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік дипломмен тәмамдаған (1995ж.). «Қызылорда-Сейхун» университетін бітірген (1998 ж.).
Ғылыми жетістіктері:
Филология ғылымдарының кандидаты (1999 ж.), доцент, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі (2008 ж.). Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі (2009 ж.), Қазақстан Педагогика ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі (2010 ж.), Республикалық «Үздік ұстаз» конкурсының жеңімпазы (2015 ж.).
Ғылыми-әдеби шығармашылығы:
Бауыржан Иманғалиев онжылдық мектепті бітіргеннен кейін, 1990-1995 ж.ж. әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде білім алды. 1995 жылы оны үздік дипломмен аяқтап, сол университеттің «Қазақ әдебиеті» кафедрасында аға оқытушы, доценттік қызметтер атқарады. Университет қабырғасында еңбек ете жүріп оқу орынның әдеби-қоғамдық іс-шараларына белсене қатысады. Студенттерді, магистранттарды білім-ғылымға баулиды.
Бауыржан Сәбитұлы - мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың біртуар ұлы Темірбек Қараұлы Жүргеновтің әдеби-шығармашылық мұрасын алғаш ғылыми айналымға түсіріп зерттеген жүргеновтанушы-ғалым. Ол Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан республикалары, сонымен қатар Қызылорда, Алматы қалаларындағы сирек қолжазбалар қорында, мұрағаттарда болып, Нарком Жүргеновтің 7 кітабын, 150-ден аса еңбектерін тауып, оны ғылыми айналымға қосып келеді. Оның қайраткер туралы 4 кітабы жарыққа шығып, түрлі тақырыптарға жазған 100-ден аса ғылыми-публицистикалық мақалалары баспа беттерінде тұрақты жарияланып келеді. Т.Жүргенов туралы түсірілген 2 деректі фильмнің кеңесшісі. 1998 ж. «Темірбек Жүргеновтің әдеби-публицистикалық мұрасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жетекші - ҚР ҰҒА-ның академигі, Халық жазушысы Зейнолла Қабдолов.
Бауыржан Сәбитұлы - Алаш ұранды ұлттық әдебиеттің жоқшысы, мәдени өмірдің мұқалмас жанышыры. Ол халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновке қатысты барлық ұйымдастырылатын халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдерде баяндама оқып, тың деректер мен ұсыныстар айтумен келеді. Екі жоғары ұлттық университетке элективті пән ретінде «Жүргеновтану» оқу бағдарламасын енгізді. Т.Жүргеновтің қайраткерлік-қаламгерлік қызметіндегі елге беймілім тұстары жайында, қазақ әдебиеті, журналистика, PR саласы бойынша Б.Иманғалиевтің шетелдік ғылыми басылымдарда, республикалық облыстық, аудандық газеттерде зерттеу-публицистикалық мақалалары жарық көріп тұрады. Бауыржан Сәбитұлы ЖОО-да шәкірттерге дәріс оқып, оларды ұлттық рухта тәрбиелеп, жас ұрпақтың бойына отаншылдық сезімін сіңіріп келеді
Еңбек жолы: 2000-2007 жылдар аралығында Б.Иманғалиев Алматы қаласы Әкімі аппартында жауапты қызметтер істеді. Ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы, Бостандық ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.
2007 жылы Маңғыстау облысы әкімдгінің Баспасөз қызметінің жетекшісі-Баспасөз хатшысы болды. 2010-2018 жылдар аралығында жоғары оқу орындарында ғылыми-шығармашылық жолмен Қазақ ұлттық аграрлық университетінде департамент директоры, оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Баспасөз орталығының директоры, Кәсіподақ комитетінің төрағасы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде бас сарапшы қызметтерін атқарды. 2018-2023 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде доцент, «Өрлеу» педагогтердің біліктілігін арттыру институтында кафедра меңгерушісі, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында департамент директоры болды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде доцент қызметін абыроймен атқарып келеді.
Сонымен қатар, Бауыржан Сәбитұлы Темірбек Жүргенов атындағы әдеби-мәдени, шығармашылық Клубтың жетекшісі. Клубтың негізгі мақсаты Т. Жүргенов мұрасын зерттеу, насихаттау және өскелең ұрпақтың бойына қазақ тілі мен әдебиетін, тарих пен мәдениетті құрметтеуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастыру.
Жарық көрген әдеби кітаптары:
- 2001 жылы «Т.Жүргенов. Таңдамалы. Избранное» (15 б.т.);
- 2012 жылы «Темірбек Жүргенов» (28 б.т.);
- 2013 жылы «Т.Жүргенов. Шығармалары» (37,5 б.т.);
- 2012 жылы «Қос шынарым» (17,5 б.т.);
Марапаттары:
- Алматы қаласы Әкімінің Алғыс хаты, 2006 ж.;
- Маңғыстау облысы Әкімінің Алғыс хаты, 2007;
- Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының Алғыс хаты, 2011 ж,;
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ректорының Алғыс хаты, 2013 ж,;
- ҚР Президентінің Алғыс хаты, 2015 ж.
- Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, 2019 ж.
- ҚР Мәдениет саласының үздігі, 2019 ж.
- «Әйтеке би», «Бұқарбай батыр», «Т.Жүргенов» төс белгілерінің иегері;
- Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының Алғыс хаты, 2020 ж,;
- ҚР Білім және ғылым министрлігінің Дипломы, 2020 ж.;
- Республикалық қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің Алғыс хаттары;
- Сертификаттар, жалпы саны - 6 дана;
Ғылыми тағылымдамалары.
-Сиань ( Қытай) мемлекеттік университетінде (2015ж.)
-Пекин (Қытай) мемлекеттік университетінде (2015 ж.)
-Санкт-Перербург (Ресей) университетінде (2016 ж.)
-Омбы (Ресей) педагогикалық университетінде (2017 ж.) тағылымдамадан өткен.
Көп оқылғандар
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…