Темірболат Алуа Берікбайқызы
Темірболат Алуа Берікбайқызы 1975 жылы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің бакалавриатын үздік бітіріп, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша филология бакалавры академикалық дәрежесін алған; 1998 жылы магистратураны үздік бітіріп, «Әдебиеттану» мамандығы бойынша филология магистрі академикалық дәрежесін алған. 2000 жылы орыс және шетел әдебиеті кафедрасының аспирантурасын аяқтады.
Ғылыми жетістіктері:
Филология ғылымдарының докторы (2009), профессор (2012), Еуропа жаратылыстану академиясының академигі (2011), Украинадағы Әдебиет және өнер халықаралық академиясының академигі (2017).
Ғылыми-әдеби шығармашылығы:
А.Б. Темірболат – «Аманат» (Қазақстан), Әл-Фараби атындығы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы (Қазақстан), «Керуен» (Қазақстан), «Caucasus Philologia» (Ресей), «Әлеуметтік мәселелерінің қазіргі зерттеулері» (Ресей), Г.Сковорода атындағы Харьков ұлттық педагогика университетінің ғылыми жазбалары (Украина), Scopus базасына кіретін Альфред Нобель атындағы Университетінің хабаршысы (Украина) атты журналдарының редакция алқасының мүшесі, Web of Science базасына кіретін «Испандық орыс зерттеулерінің ғылыми жазбалары» журналының ғылыми сарапшысы.
А.Б. Темірболат әлемдік әдебиеттануда алғаш рет темпоралды ырғақ теориясын, көркемдік хронотоп категориясының жаңа концепциясы мен зерттеу әдістемесін жасады.
А.Б. Темірболат көркем уақыт пен кеңістік, темпоралды ырғақ, әдебиеттанудың теориялық, философиялық, әдіснамалық мәселелерімен және пәнаралық зерттеумен айналысады. Алуа Берікбайқызы тәжірибелік риторика, нейролингвистикалық программалау, қарым-қатынастың психологиясының мәселеріне, оқу үдерісіндегі пайдаланатын инновациялық технологиялар мен әдістерге назар аударады. Алғаш рет әдебиеттану пәндерін оқытуда case-study, бағдарламаланған оқыту, data mining сияқты әдістерді енгізді.
А.Б. Темірболат – 200 астам ғылыми еңбектерінің авторы, соның ішінде 8 оқу құралы, 7 монография.
Еңбек жолы:
А.Б. Темірболат 2000-2002 жылдары Орта Азия университеті тіл білімі және әдибиеттану пәндері кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2002-2003 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әдебиет теориясы кафедрасында аға оқытушысының қызметін атқарды.
2003-2010 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасында доцент болып істеді.
2010-2011 жылдары әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарды.
2011-2012 жылдары қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының профессоры болып істеді.
2012 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі.
Жарық көрген негізгі еңбектері:
Оқу құралдар:
1 Қазіргі прозадағы хронотоп мәселесі. – Алматы: Ценные бумаги, 2003.
2. Риторика (Шешендік өнердік негіздері). – Алматы: Қазақ университеті, 2005. (орыс тілінде)
3. Риторика (Шешендік өнердің негіздері). – Алматы: Қазақ университеті, 2007. (қазақ тілінде, З.Н.Сейітжанов, Ж.А. Баянбаевамен бірлесіп жазылған)
4. Әдебиет теориясы. – Алматы: Ценные бумаги, 2009. (Н.О. Джуанышбековпен бірлесіп жазылған)
5. Әдебиет поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2011.
6. Әдебиеттануға кіріспе. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
7. Риторика. Шешендік өнердің негіздері. 3-басылым. – Алматы: Қазақ университеті, 2018.
8. Әдебиеттанудағы мектептер мен бағыттар. – Алматы: Қазақ университеті, 2021.
монографиялар:
1. Әдебиеттегі хронотоп пен темпоралды ырғақ категориялары. – Алматы: Ценные бумаги, 2009.
2. Абайдың поэтикалық әлемі. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. (Н.Ж.Кенжеғараевпен бірлесіп жазылған).
3. ХХ ғасырдың басындағы қазақ романындағы тәуелсіздік идеясы. Ұжымдық монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2013.
4. Transformation of Approaches to Education in Russia and CIS States. Collective monography. – Stuttgart, 2013.
5. Literature, language and culture influenced by globalization. Collective monography. Vol. 2. – Vienna: «East West» Association for Advanced Studies and Higher Education GmbH, 2014.
6. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ романындағы тәуелсіздік идеясы мен тұлға бейнесі. Ұжымдық монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2014.
7. ХХ-ХХІ ғасыр тоғысындағы қазақ романы және тәуелсіздік идеясы. Ұжымдық монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2015.
Марапаттары:
1997-1998 оқу жылы – ҚР Президенті стипендиясының иегері
1998 ж. – Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттік жұмыстардың Республикалық конкурсында үздік ғылыми жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Білім, денсаулық сақтау және мәдениет министрлігінің грамотасы
2006-2008 жж. – Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері
2008-2009 оқу жылы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік оқытушысы
2009 ж. – ҚР Білім және ғылым министрлигі «ЖОО-ның үздік оқытушы-2008» грантының иегері
2010 ж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры сыйлығының иегері
2013 ж. – «Еуропалық сапа» Еуропалық ғылыми-өндірістік консорциумының алтын медалі
2015-2016 жж. – Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері
2017 ж. – «Триумф» Н.В. Гоголь атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының иегері
2018 ж. – Г. Сковорода атындағы Халықаралық әдеби сыйлығының иегері
2021 ж – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Ерең енбегі үшін» медалі
2022 ж. – М.О. Әуезов 125-жылдық мерейтойына арналған ТҮРКСОЙ медалі
Ғылыми тағылымдамалары:
2009 ж. – Лондон қаласындағы Жаһандық университетте (UCL) оқытудың инновациялық әдістері бойынша тағылымдама (Ұлыбритания)
2009 ж. – Инновациялық оқыту әдістері, ағылшын тілі және британ әдебиеті бойынша EF мектебінде тағылымдамадан өту (Сент-Джулианс қ., Мальта)
2001 ж. - Дуйсбург университетінің Біліктілікті арттыру институтында персоналды басқару менеджменті бойынша тағылымдама (Германия)-
Көп оқылғандар
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жасанды интеллект және әдебиет
Би өнерінің биігіндегі «Наз» театры
Рудольфио. Аманат
Міржақыптың музыкалық мұрасы
Алаш аудармасын жаңғыртқан
ХХ ғасыр басындағы білім мен мәдениетке ұмтылыс
Таласбек Әсемқұлов. Күй өнерінің болашағы
«Парасат майданы» спектаклінің премьерасына шақырамыз
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Роза Мұқанова шығармашылығы аясында шеберлік дәрісі өтті
Жүрекке сіңген сарын жоғалмайды
Жақсының көзі...
Асқар Алтай. Руханият Розасы
Домбыраның алтыны, қоласы бар...
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Қабиден Қуанышбай. Аққыз
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Ерлан Аманқожаұлы. Ақынның ақырғы күні
Бір күні бәріміз оянармыз