Хамит Балшабеков
Ал, жаза бер!
Менде қанша өмірбаян бар дейсің,
Арманы – өлең, сүйгені – күй мен ән дейсің.
Өзін-өзі өртеп жүрген жан дейсің....
Айтқанымның бәрін толтыр торына.
Адам деп жаз, анықтап жаз оны да,
Ақын деген сөзді тірке соңына...
Хамит Балшабеков 1939 жылы 20 желтоқсанда Қытай Халық Республикасы Тарбағатай ауданы «Үшқарасу» деген жерде дүниеге келген. Әкесі Балшабек Қытай жерінде болыс болған, ел басқарған. Хамит әкесі мен анасының тәрбиесі мен өнегесін көріп өседі. Халқының көне ән мен жырларына терең үңіліп солар жайлы сыр толғап, жастайынан өлең жазуға әуестенеді.
Ол Дүрбілжіңдегі жеті жылдық орта мектепті бітіреді. Орта мектептен кейін Үрімшідегі тас жол қатынас техникумына оқуға түсіп, оны қытай тілінде оқып бітіреді.
1962 жылы ақынның отбасы Қытайдан Қазақстанға оралады. Қарағанды облысының Жезқазған аймағы «Жетіқоңыр» совхозына келіп, әкесі мен анасының қасына малшы болып орналасады. Кейін Қарағандыдағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне сырттай оқуға түседі. Бірақ бұл оқуын аяқтай алмай, кейіннен ақын жоғары білімін Семей қаласындағы Н. Крупская атындағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқуын жалғастырады. Осы оқу орнында ол белгілі ғалымдар Қ. Мұқамедханов, Қ.М. Жүнісов, Қ. Шаяхметов сияқты ұстаздардан білім алады.
1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының «Шілікті» совхозына көшіп келеді.
Шілікті орта мектебінде көп жылдар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1996 жылы құрметті демалысқа шығып, 2007 жылы дүниеден қайтты.
Ақын Хамит Балшабеков оқырмандарға «Өмір, саған ғашықпын», «Жылқышы әні», «Балтамыр», «Қантамыр» тағы басқа жыр жинақтарымен таныс.
Хамит Балшабековтың жыр жинақтары:
Жылқышы әні. – Алматы: Жазушы, 1969.
Өмір саған ғашықпын: Өлеңдер. Толғаулар. Дастан. - Өскемен, 1993.
Қантамыр: Өлеңдер, поэмалара, балладалар. - Өскемен, 2003.
Алтай әуендері. Хрестоматиясы 2005. (Жинаққа өлеңдері енген)
Тарбағатай ақындары жырлайды (Өлеңдері жинақта шыққан)
Балтамыр. Өлеңдер, толғаулар. – Өскемен, 2007.
Шұғыла көңіл. Өлеңдер, толғаулар. – Өскемен, 2008.
Алтай-Тарбағатай өңірінің сөз зергерлері: Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің поэзиялық шығармаларының жинағына енген. – Өскемен, 2013.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды