Льюис Кэрролл
Льюис Кэрролл (ағыл. Lewis Carroll, шын аты Чарльз Лютвидж Доджсон, немесе Чарльз Латуидж Доджсон (1832 жылдың 27 қаңтарында дүниеге келген — 1898 жылдың 14 қаңтарында дүниеден өткен) — ағылшын жазушысы, математик, логика маманы, философ, диакон и фотограф. Ең танымал шығармасы — «Ғажайыптар еліндегі Алиса» және «Айна артындағы Алиса». Сонымен қатар «Охота на Снарка» әзіл-оспақ поэмасы да танымал.
1832 жылы 27 қаңтарда Чешир графствосы, Дарсбери ауылының приходтық үйінің дін қызметкері отбасында дүниеге келген. Үйде барлығы 7 қыз, 4 ұл болған. Үйінде оқып, өзін ақылды және зерек ретінде көрсеткен. Солақай болған. Он екінші жасында Ричмондқа жақын жеке мектепке оқуға түскен. Оған ол жер ұнаған. Бірақ 1845 жылы оған Рагби мектебіне түсуге тура келді. 1851 жылдың басында Оксфордқа көшіп, Оксфорд университетінің аристократтық колледждерінің бірі Крайст-Чёрчке түседі. Өте жақсы оқымағанымен математикалық қабілетінің арқасында бакалаво дәрежесін алғаннан кейін Крайст-Чёрчтегі математикалық дәріс оқу байқауын жеңіп алады. Ол бұл дәрісті 26 жыл бойы оқып, оны жалықтырса да оған біршама табыс алып келді.
Ол жазушылық мансабын колледжде оқып жүріп бастады. Әртүрлі журналдарға Льюис Кэрролл лақап атымен шығарып, өлеңдер мен қысқа әңгімелер жазады. «Льюис Кэрролл» лақап атымен автордың шын есімі «Чарльз Латвидж» болған, яғни «Карл» (лат. Carolus) және «Людовик» (лат. Ludovicus) есіміне байланысты; Доджсон сәйкес келетін ағылшындық басқа есімді таңдап оны орындарымен ауыстырған. Бірте-бірте танымал болады. 1854 жылдан бастап оның жұмысы «Комик таймс» (ағыл. The Comic Times), «Трейн» (ағыл. The Train) ағылшындық баспаларында орын алды.
1856 жылы колледжге жаңа декан году Генри Лиддел (ағыл. Henry Liddell) келді. Ол әйелі мен бес баласыжәне оның ішінде 4 жасар қызы Алиса бар.
1864 жылы «Ғажайыптар еліндегі Алиса» шығармасын жазған.
Ол жеке өз атымен математика бойынша көптеген ғылыми еңбектер жазады. Сонымен қатар, айыру есебі әдісінің бірін шығарады. (конденсация Доджсона)
Оның қызығушылықтарының бірі фотография.
1898 жылдың 14 қаңтары Гилфордта, Суррей графствосында дүниеден өткен. Сонда ағасы және әпкесімен бірге Mount Cemetery жерленген.

Көп оқылғандар
Әлібек Асқаров. Мұзтау
Бекзада
Күлтегін жыры (еркін әдеби нұсқа)
Арман Әділбек. Күн де батады
Сұраған Рахметұлы. Жасыл түстілер түрені
Абай мен Шәкәрімнің диалогы
"Анашым, мен тірімін!" фильмінің премьерасына шақырамыз!
Өңірлік мерзімдік басылымдардың алғашқы форумы
Музей қорындағы хх ғасыр кітаптарынан
Ілияс Есенберлин. Махаббат үшін ерлік
Есенғали Раушанов. Жапандағы жалғыз ағаш
Аягүл Мантаева. Депрессия
Әлібек Асқаров. Мұзтау
Бекзада
Өлгеннен сұра өлеңді...
Күлтегін жыры (еркін әдеби нұсқа)
Арман Әділбек. Күн де батады
Сұраған Рахметұлы. Метамодернизм
Шынар Әбілда. Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Асқар АЛТАЙ. КРЕМЛЬДІҢ КӨЛЕҢКЕСІ
«Шахмаранның кітабы» адамзатқа неге бұйырмай қалды?..
Жадыра Шамұратова. Кешіру
Ретбек Мағаз. Қаралы күнгі ән
Қуандық Түменбай. Күнәнің бергі беті