Редьярд Киплинг
Джозеф Редьярд Киплинг (ағылш. Joseph Rudyard Kipling) (30 желтоқсан 1865, Бомбей — 18 қаңтар 1936, Лондон), ағылшын жазушысы, ақыны және новеллашысы.
Оның ең үздік шығармалары Джунгли Кітабы, (The Jungle Book), «Ким» (Kim), өлеңдері «Ақырғы ән шырқау» (Recessional). 1907 жылы әдебиет саласында Киплинг Нобель сыйлығына ие болған ең алғашқы ағылшын болады. Сол жылы ол Париж, Страсбург, Афиналар және Торонто университеттерінің сыйлықтарына ие болады. Оған қоса Оксфорд, Кембридж, Эдинбург және Дарем университеттерінің беделді атақтарының иегері. (30.12.1865, Үндістан, Бомбей – 18.1.1936, Ұлыбритания, Лондон) – ағылшын жазушысы. Өз туындыларында қарапайым адамдардың, қатардағы жауынгерлердің ар мен сезім тазалығын, адамгершілік қасиеттерін, адал еңбегін шынайы суреттеді. “Қазарма жырлары” (1892), “Жеті теңіз” (1896), “Бес ұлт” (1903) өлең жинақтары, “Тау хикаялары”, “Рикша-аруақ” әңгімелер кітаптары (екеуі де – 1888), “Жарық сөнді” (1890), “Ким” (1901) романдары кеңінен мәлім. Жабайы аңдар арасында өскен адамның баласы Маугли туралы “Джунгли кітабы” (1894), “Джунгли жайлы екінші кітап” (1895) атты ертегілері балалардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Нобель сыйлығының лауреаты (1907).
Киплинг шығармалары “Ертегілер” (1968), “Маугли” (1983; ауд. Р.Рақымбеков) деген атпен қазақ тілінде басылып шықты. Композитор А.Серкебаев “Маугли – менің бауырым” атты рок-опера-балетін жазды (1980, либреттосы Д.Нақыповтікі). Киплингтің салыстыруларға бай тілі, ағылшын тілінің сөздік құрам қоржынына үлкен үлесін қосты.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
