Александр Беляев
Александр Романович Беляев (1884 жылдың 4 немесе 16 наурызында дүниеге келіп, 1942 жылдың 6 қаңтарында дүниеден өткен) — кеңестік ғылыми-фантастикалық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі, кеңестік жазушы-фантаст. Оның танымал романдары арасынан: «Доуэл профессордың басы», «Адам-балық», «Ариэль», «КЭЦ жұлдызы» және т.б. (барлығы 70-тен астам ғылыми-фантастикалық шығармалар, оның ішінде 13 роман). Кейде оны ресейлік «Жюль Верн» деп атайды.
А. Беляев өзінің ісіне өте қызығушылықпен қарайтын жан болған. Ол жастайынан музыкаға жақын болды: ол өздігінен скрипка және роялон ойнауды үйренген, сағаттар бойы музыкамен шұғылданған. Тағы бір «қызығы» фотосуретпен шұғылданған. А. Беляевтің эсперанто тілімен айналысқаны белглі. Жастайынан көр оқып, әсіресе Жюль Верннің әдеби шытырман оқиғаларымен шұғылданған. Александр жыбырлақ болып өскен, түрлі ұтыстарды, әзілді ұнатқан; өзінің тентектігі әсерінен көзіне жарақат алып, көруі нашарлаған. Жас кезінде ұшуды армандаған. Қолына сыпырғы алып, шатырдан қолшатырмен секірген, соңында кішкентай аэропланмен көтерілген. Бір кездері ол сарайдың шатырынан секіремн деп құлап, арқасын жарақаттаған. Бұл жарақат оның алдағы уақыттағы өміріне әсер етті. 1920 жылдардың ортасында Беляев үнемі жарақаттанған арқасынан зардап шеккен.
1990 жылы ғылыми-көркемдік және ғылыми-фантастикалық әдебиет секциясы бойынша Ленинградтық жазушылар ұйымы КСРО жазушылар одағының Александр Беляев атындағы әдеби сыйлығы ғылыми-көркемдік және ғылыми-танымдық шығармалары үшін берілген ғылыми-көркемдік және ғылыми-танымдық шығармалары үшін берілген.
Қайнар көз: https://ru.wikipedia.org
Көп оқылғандар
13.11.2026
4388
14.11.2026
4010
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1433
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
935
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4388
04.11.2026
4317
14.11.2026
4010
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
