Джеймс Гринвуд
Джеймс Гринвуд (ағыл. James Greenwood; 1833—1929) — британ жазушысы және журналист.Ол - шағын қызметкер отбасында дүниеге келген. Бұл болашақ жазушы он бір ағайынды болған. Үш еркек ағайынды — Фредерик, Джеймс және Уолтер типографияда теруші болып жұмыс істегеннен кейін бағынышсыз өмірлері басталады. Бірнеше жылдан кейін Фредерик және Джеймс газетте қызмет жасайды, Уолтер болса туберкулёзбен ауырып, жинақ кассасында қайтыс болады.
Соңында Фредерик едәуір ақша жинап, үлкен бір газеттің редакторы болады. Джеймс көкейтесті тақырыптар жазатын журналист әрі әдебиетші болады. Ол - Pall Mall Gazette және Daily Telegraph газеттерінде жұмыс жасайды. XIX ғасырдың 60-70 жылдары Гринвудтың есімі Англияның лондондық түнейтін үйлері туралы очерктер сериясы арқасында жақсы танымал болды. Очерктер лондондық кедейлер оналасқан қала бөлігін ұзақ зерттеулерден кейінгі ойлар арқылы жазылған(Гринвуд бір кездері сол аймақтарда түнеп, қаңғыбастармен бірге болған). Редактор Гринвудтың осы ашулардан кейінгі жарияланымдар арқасында газет тиражы екі есеге өсті. Көп кешікпей очерктер басқа газеттерде жарияланып қоғам арасында үлкен жаңғырық орын алды.
Гринвуд бұдан басқа көркем шығармалар да жазды. Олардың айтарлықтай бөлігі теңіз өміріндегі әзіл-оспақ повестер мен жасөспірімдер романы. Ол тақырыпқа байланысты шығармалардың бірі Даниэля Дефоның «Робинзон Крузоның оқиғасына» ұқсас «Борнео аралындағы даяктардың тұтқынында он жеті жыл мен төрт ай болған Робин Дэвиджердің оқиғасы» (1869). Гринвудтың келесі шығармалар топтамасы жануарлар жайлы әңгімелер мен повесттерден тұрмақ. Мысалы, «Өздер айтып бергендей, жеті орман төртаяқтылар оқиғасы» (1865).
Дегенмен Гринвудтың ең үлкен шығармалар топтамасы әңгімелер, очерктер, повестер және лондондық қала кедейлер мекендеген қайыршы, қаңғыбас, жұмыссыз, қолөнершілер, фабрика жұмысшылары мен бағусыз балалар жайындағы романдардан тұрады.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4232
22.10.2026
1843
26.10.2026
1558
28.10.2026
1415
22.10.2026
1140
22.10.2026
854
27.10.2026
840
26.10.2026
763
27.10.2026
736
22.10.2026
692
28.10.2026
621
22.10.2026
432
28.10.2026
401
21.10.2026
4376
22.10.2026
4232
20.10.2026
3369
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2282
05.10.2026
2279
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2114
