Оноре де Бальзак
Оноре де Бальзак (Balzac) (20.5.1799 - 18.8.1850, Париж) — француз жазушысы. Париж заң мектебін бітірген (1819) әрі Сорбоннада әдебиет жөнінде лекция тыңдаған. Алғашқы жарық көрген шығармасы — “Кромвель” трагедиясы (1920). Бальзактың есімі “Шуандар” (1829) атты тарихи романымен белгілі болды. Бальзактың тоқсан шығармасы енген “Адам комедиясы” адамгершілік этюдтері, философиялық, аналитикалық этюдтер болып үш топқа бөлінеді. “Адам комедиясы” — француз қоғамын шынайы бейнелеген көркем ірі туындылар жинағы. 1. Адамгершілік этюдтер тобының негізгі шығармалары — “Гобсек” (1830), “Отыздардағы әйел” (1831), “Горио атай” (1934 — 35), “Евгения Гранде” (1833), “Беатриса” (1839), “Кәрі қыз” (1836), “Бойдақтың өмірі” (1841), т.б. 2) Философиялық этюдтер тобының негізгі шығармалары — “Жендет” (1830), “Шегірен былғары” (1830 — 1831), “Көп жасаудың құпиясы” (1930), “Қызыл қонақүй” (1931), “Серафита” (1839), т.б. 3) Аналитикалық этюдтер тобының негізгі шығармалары—Неке физиологиясы” (1829), “Отбасы өміріндегі ұсақ-түйек керістер” (1845 — 1846), т.б. “Адам комедиясында” тұтас тарихи дәуірдің өте кең суреті жаңғырды. Бальзак шығармалары 19 ғасырдағы Батыс Еуропа әдебиетінің шыңы болды. Оның суреткер ретінде қолданған көркемдік әдісі жиынтық формада (гуманизм, ағартушылық идеясы, готикалық роман, романтикалық мектеп, т.б.) көрініс берді. Бальзактың шығармаларын Ф.Жиро, В.Гюго, Ж. Санд, Ф.М. Достоевский, М. Әуезов жоғары бағалады. “Шегірен былғары” романы, “Горио атай” повесі (1984, 1985, 1987), “Памэла Жиро” (1938) пьесасы қазақ тіліне аударылған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
