Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Бейімбет Майлин

Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды. Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған. 1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазушылықпен шұғылдана бастайды. «Қазақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» журналдарына жазып тұрады. Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.
1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім.Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатыст(1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді.
1938 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.

Көп оқылғандар
Роман неге жазылмай жатыр?
18.05.2022
764
Елдос Еміл. Көкмойнақтың тағдыры қазақтан арылған жоқ
20.05.2022
552
«Бір тостаған сұңқыл...»
16.05.2022
512
Ханзада Байбақты. Алматы
17.05.2022
450
2021 жылдың әдеби жыл қорытындысы
20.05.2022
267
Эрих Мария Ремарк. Махаббат декадансы
20.05.2022
215
Бақытжан Қанапияновтың сара жолы
20.05.2022
167
Оразақынның «Қара өлеңі»
20.05.2022
135
Мөлдір бұлақ немесе Роза Сейілхан болмысы туралы бір үзік ой
27.04.2022
1513
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2022
1478
Мұхаммед Салихтың жыр жинағы жарық көрді
25.04.2022
1267
Қос-қос басқан, қос басқан
28.04.2022
1171
Жыланның тілін білген...
06.05.2022
1126
Қазақтың сыбызғышылық өнері туралы
25.04.2022
1011
Республикалық «Таласбек» сыйлығы жарияланды
05.05.2022
990
Жылқы аттас фамилия
26.04.2022
940
Салауат Кәрім. Кемеңгердің соңғы сапары
25.04.2022
909
Машан батырдың ел басқаруы
06.05.2022
835
Қағаз кітаптың тағдыры
25.04.2022
832
Салауат Кәрім. Кемеңгердің соңғы сапары (2-бөлім)
05.05.2022
825