Әділ Дүйсенбек
Әділ Дүйсенбек (1942-2019) 1942 жылы 24 мамырда Тараз қаласының жанындағы «Жас өркен» ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсті. 1964-1967 жылдары әскер қатарында болып, әуе десантында қызмет еткен. Әскери міндетін өтеп келген соң, университеттегі оқуын одан әрі жалғастырып, 1969 жылы бітіріп шықты.
Университеттің соңғы курсында республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне кіші әдеби қызметкер болып орналасты. Содан үзіліссіз басылымда 36 жыл еңбек еткен. Бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі болған.
Әңгімелері мен повестері бірнеше ұжымдық жинаққа енген. Баспадан «Ақ күмбез» («Жалын» 1977), «Көкжиек» («Жалын», 1979), «Жүрек жылуы» («Қазақстан», 1984), «Тергеу әлі біткен жоқ» («Жеті жарғы», 1997), «Көкжиек» («Фолиант», 2002), «Қара шаңырақ» («Фолиант», 2004), «Шерағамның шеруі» («Қазығұрт», 2007) деген кітаптары басылып шықты. 2002 және 2004 жылдары «Менің Шерағам» атты эссе-әңгімелер мен новеллалар жинағы («Өлке») шықты.
Әділ Дүйсенбек С.Ходжанов атындағы сыйлықтың лауреаты (1995). Елге сіңірген еңбегі үшін жазушы ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1987), «Еңбек ардагері» (1988), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002), «Ерен еңбегі үшін» (2002) медальдарымен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2616
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2616
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
