Хамит Ерғалиев
Хамит Ерғалиев (1916 —1997) Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45). Тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде 1936 жылы жарияланды. Ол көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды.
Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады. Әке сыры (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ересен ерлігін, халықтардың бейбітшілік жолындагы жанқиярлық күресін жырлады. Үлкен жолдың үстінде (1949) поэмасында социалистік өмірді жаңа қарқынмен орнатып жатқан жұмысшы табының қажырлы еңбегін суреттеді. Хамит Ерғалиевтің бұл поэмасында Мойынты-Шу темір жол құрылысындағы еңбек адамдарының ерлік істері, рухани өскендігі бейнеленген. Біздің ауылдың қызы (1950), Сенің өзенің (1953) поэмаларында қуаңшылық жайлаған шөл даланы суландырған, жасыл орман өсіріп, сол даланы гүл-бақшаға айналдырған адамдардың еңбегі суреттелген. Бүл төрт поэма да— эпикалық екпінмен жазылған, қазақ поэзиясында белгілі орын алған көркем туындылар. Оралдағы отты кун (1956) поэмасында азамат соғысында аты аңызға айналған Чапаевты, оның майдандас серіктерін жырлады. Аңыз ата (1965) поэмасын украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арнады. Ал Құрманғазы(1962) поэмасында қазақ халқының ұлы композиторы Қ.Сағырбаевтың, Күй дастан (1970) поэмасында академик композитор А.Жұбановтың бейнесін жасады. Жылдар, жылдар (1966) дастанында коммунистік дәуірді жырлады. X.Ерғалиев көркем очерк, публицистикалық мақалалар арқылы заманымыздың көкейкесті мөселелеріне үн қосып отырады. Таңдамалы прозалық шығармалары Шындық шырқайды деген атпен 1966 жылы жеке кітап болып шықты.
Ақын аударма саласында да еңбек етеді. Д.Байронның, В.Шекспирдің, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, Д.Бедныйдың, А.Сурковтың, Р.Ғамзатовтың таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қырғыздың Манас, қарақалпақтың Қырыққыз эпостарын қазақ тіліне аударушылардың бірі болды. Ерғалиевтың негізгі шығармалары орыс тіліне, басқа да туысқан халықтар мен шетел тілдеріне (чех, венгр) аударылды.

Көп оқылғандар
Сайын Назарбекұлы. Абай алпыс тонна бетонның астында жатыр
Тоқтарәлі Таңжарық. Сәулелі шеңбер дірілі
Төлен Әбдіктің «Оң қолы»
Бекзада
Күлтегін жыры (еркін әдеби нұсқа)
Арман Әділбек. Күн де батады
Сұраған Рахметұлы. Жасыл түстілер түрені
Абай мен Шәкәрімнің диалогы
"Анашым, мен тірімін!" фильмінің премьерасына шақырамыз!
Өңірлік мерзімдік басылымдардың алғашқы форумы
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы. Анадолы әсерлері
Музей қорындағы хх ғасыр кітаптарынан
Ілияс Есенберлин. Махаббат үшін ерлік
Есенғали Раушанов. Жапандағы жалғыз ағаш
Әлібек Асқаров. Мұзтау
Аягүл Мантаева. Депрессия
Бекзада
Өлгеннен сұра өлеңді...
Күлтегін жыры (еркін әдеби нұсқа)
Арман Әділбек. Күн де батады
Сұраған Рахметұлы. Метамодернизм
Шынар Әбілда. Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
Асқар АЛТАЙ. КРЕМЛЬДІҢ КӨЛЕҢКЕСІ
«Шахмаранның кітабы» адамзатқа неге бұйырмай қалды?..
Жадыра Шамұратова. Кешіру
Ретбек Мағаз. Қаралы күнгі ән
Қуандық Түменбай. Күнәнің бергі беті