Марфуға Айтхожа
Марфуға 1936 жылы 25 тамызда ҚХР Құлжа қаласында дүниеге келген. Қазақ.Әкесі - Айтқожин Ғали. Анасы - Би-Фәтима Смағұлқызы. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1965) журналист мамандығы бойынша, Жоғары әдеби курстарды (Мәскеу қаласы, 1971) ақын, композитор, қазақ тіліне аудармашы мамандығы бойынша бітірген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің құрметті профессоры (2007). 40-тан астам жинақтың, оның ішінде «Балқұрақ» (1962), «Шындығы жазу» (1964), «Жастық» (1968), «Аққуым менің» (1971), «Қаракөз айым» (1973), «Баянжүрек»(1974), «Көзімнің қарасы» (1975), «Ақ бесігім» (1978), «Жарқыра, менің жұлдызым» (1980), «Қыран жеткен» (1985), «Тандамалы» (1986), «Сағыныш сазы» (1990),«Жапырақ сілкінген кеш», «Аңсау» (2001), «Аққу жүрек» (2001), «Жапырақтар жауғанда» (2002), «Алатаудың ақ батасы» (2005), «Таңцамалы» (2 том), «Тобылғы бүрлегенде»(2008) кітаптарының авторы. Орыс тілінде 7 кітабы жарық көрген: «Горсть земли» (Мәскеу қаласы, 1975), «Утверждение» (Мәскеу қаласы, 1985), «Струна степей» (Мәскеу қаласы, 1978), «Укрощение коня» (Мәскеу қаласы, 1985), «Художественная литература» (1985), «Летние росы», «Советский писатель». Өлеңдері мен поэмалары 40-тан астам шет тіліне аударылып, жарияланған. Өлеңдерінің көбі Қазақстан және басқа елдердің композиторларымен музыкаға салынған.Шетелдік журналдардың, антологиялар мен альманахтардың тұрақты авторы, оның ішінде «Молодая гвардия»(Мәскеу қаласы), «Поэзия антологиясы» (Париж қаласы), «Лотос» халықаралық журналы (Каир қаласы, 1973); неміс, француз, араб және басқа шет тілдеріндегі басылымдар. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі. 1956-1958 жылдары - Құлжа қаласындағы қыздар гимназиясының оқытушысы. 1961-1968 жылдары - «Қазақ әдебиеті», «Учитель Казахстана» газеттерінде жұмыс істеген.1971 жылдан бері - шығармашылық жұмыспен айналысуда. Әлем қазақтарының көптеген халықаралық форумдарының, конференцияларының, съездерінің, мәжілістерінің, байқауларының, семинарларының, құрылтайларының белсенді қатысушысы. Мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі. ҚР Президенті аппаратының жанындағы Республикалық әйелдер құқықтары және демографиялық саясат жөніндегі кеңесінің басқарма мүшесі (1995-1998). Республикалық Әйелдер кеңесінің мүшесі (1991 жылдан). «Достық» халықаралық қоғамының басқарма мүшесі (1977-1998). Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1981-1985). Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1968 жылдан). «Құрмет белгісі» (1986), «Парасат» (1998) ордендерімен; көптеген медальдармен және грамоталармен; «Исламабад аспаны» өлеңдер мен романстар циклы үшін Пәкістан мемлекетінің Құрмет грамотасымен (1998) марапатталған. «Көгілдір Дунай» өлеңдер кітабы үшін Николай Васпаров сыйлығының (1979), «Аңсау» өлеңдер жинағы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2002) лауреаты. Қазақ әдебиетіне қосқан қомақты үлесі үшін Кембридж университетінің «2007 жылдың халықаралық кәсіпқойы» атағына ие. 2009 жылы президент жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің құрметті профессоры. Болгарияның «Достық» медалімен марапатталған.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды