Тұрсын Жұртбай
Тұрсын Жұртбай 1951 жылғы 15 тамызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданының Шаған ауылында туған. 1969-1974 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1974-1976 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газетінде тілші, 1976-1980 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналының әдеби қызметкері, редакция меңгерушісі, 1980-1990 жылдары «Жұлдыз» журналының әдеби сын, проза, поэзия, очерк және публицистика бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының М.Әуезов мұраларын зерттеу бөлімінің (мұражай-үйінің) аға ғылыми қызметкері (1990-1992), бөлім (мұражай) меңгерушісі (1992-1996), ҚР ҰҒА-ның «М.Әуезов үйі» Ғылыми-мәдени орталығының директоры (1996-1998), Әдебиет және өнер институтының докторанты, аға ғылыми қызметкері (1998-2001).
«Замандасым, сырласым» (1976), «Қоңыр қаз» (1978), «Жүрегімде жұмыр жер» (1980), «Бесқарагер» (1982), «Дара тұлға» (1984), «Жер - бесік» (1985), «Бабочка под снегом» (орыс тілінде, 1990), «Талант Калибека» (1992, орыс тілінде), «Болашақтың бәйтерегі» (2007) атты көркем шығармалардың авторы. Бұл туындылар қаламгердің өзіндік жазу мәнері мен философиялық-лирикалық сыйпаты арқылы ерекшеленеді. «Бейуақ» (1990), «Дулыға» (1-2 кітап, 1994), «Кетбұға» (1996), «Бесігіңді түзе!», «Талқы» (1997), «Мухтар Омарханович Ауэзов» (түрік, орыс тілдерінде, Анкара,1997), «Күйесің, жүрек... сүйесің!» (2001), «Бесігіңді аяла!» (2002), «Құнанбай» (2004), «Сүре сөз» (2005), «Дулыға» (қайта басылымы, 2007), «Ұраным - Алаш!..» (2007) атты деректі ғылыми-зерттеу кітаптары шықты.
Тұрсын Жұртбайдың ғылыми жетекшілігімен «М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі» (1997), «Мұхтар Әуезов туралы естеліктер» (1997), «Әуезов әлемі» (1997), «Абай жолы» роман-эпопеясының ғылыми-текстологиялық салыстырудан өткен басылымы (1997), М.О.Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағының 1-7 томдары (1997-2001), М.Әуезовтің «Ескермедім, қабылдамадым...» (1998) атты ашық хаттар жинағы жарық көрді және оның қатысуымен «Мұхтар Әуезов» энциклопедиясы дайындалды.
1990 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінде, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызмет Академиясында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде абайтану, әуезовтану, жазушының шығармашылық психологиясы, Еуразия романдары, Еуразия романдарының типологиясы, халық ауыз әдебиеті - тарихи дерек көзі ретінде, әдебиеттанудың өзекті мәселелері, туындыны ғылыми талдау, сөз мәдениеті (саяси шешендік) бойынша арнайы курстардан дәріс береді. 2006 жылы ақпан-шілде айлары аралығында Қытай Халық Республикасының Орталық мемлекеттік Ұлттар университетінде (Пекин қаласында) профессор ретінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы, бүтінгі қазақ әдебиеті, абайтану, әуезовтану пәндері бойынша дәріс берді. «Бейуақ» монографиясының негізінде кандидаттық (1992), «Бесігіңді түзе» зерттеу кітабы негізінде докторлық (2000) диссертациялар қорғады. 2002 жылы профессор ғылыми атағы берілді.
Көркем шығармалары мен зерттеу еңбектері әлемнің 15 тіліне, ал ғылыми еңбектері ЮНЕСКО-ның ресми тілдеріне аударылған. М.Икбаддың, С.Тогэнің, Л.Шералидің, В.Шефнердің, Р.Рождественскийдің, С.Қапаевтің және т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Қазақстан Жазушылар одағының Ш.Құдайбердіұлы атындағы «Алаш» және І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты.

Көп оқылғандар
Күлтегін жыры (еркін әдеби нұсқа)
Сұраған Рахметұлы. Жасыл түстілер түрені
Сайын Назарбекұлы. Абай алпыс тонна бетонның астында жатыр
Тоқтарәлі Таңжарық. Сәулелі шеңбер дірілі
Жолтай Жұмат-Әлмашұлы. Анадолы әсерлері
"Анашым, мен тірімін!" фильмінің премьерасына шақырамыз!
Төлен Әбдіктің «Оң қолы»
Музей қорындағы хх ғасыр кітаптарынан
Разия Акбар. Мен көрген Нибиру
Қуаныш Жиенбай. Үрей
«baitursynuly.kz» сайтының таныстырылымы өтеді
Ұлт зиялыларын ұлықтаған
Ілияс Есенберлин. Махаббат үшін ерлік
Есенғали Раушанов. Жапандағы жалғыз ағаш
Әлібек Асқаров. Мұзтау
Аягүл Мантаева. Депрессия
Бекзада
Өлгеннен сұра өлеңді...
Күлтегін жыры (еркін әдеби нұсқа)
Арман Әділбек. Күн де батады
Сұраған Рахметұлы. Метамодернизм
Шынар Әбілда. Саналы адам өзгерісті өз қолымен жасауға бейім
«Шахмаранның кітабы» адамзатқа неге бұйырмай қалды?..
Жадыра Шамұратова. Кешіру
Ретбек Мағаз. Қаралы күнгі ән
Қуандық Түменбай. Күнәнің бергі беті
Ағайынның азары болса да, безері болмайды