Қадыр Әлімқұлов
Қадыр Әлімқұлов – 1949 жылы 1 қаңтарда Алматы облысының Кербұлақ ауданындағы Шормақ батыр (бұрынғы Басши) ауылында туған. 1967-70 жж. Владивосток қаласында әскери борышын өтеген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1975), «Социалистік Қазақстан («Егемен Қазақстан») газетінде тілші, 1971-79 жж. «Білім және еңбек» «Зерде») журналында жауапты хатшы, 1979-82 жж. Қазақ теледидарында комментатор, 1982-86 жж. «Социалистік Қазақстан» газетінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі, 1986-90 жж. Алматы облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1990-2015 жж. ҚР Президентінің Әкімшілігінде жауапты қызметтерде болды.
«Тағдыр көзіндегі тамшы», «Жан тұңғиығындағы жауһарлар», «Сартап сағынышым сағымданған», «Тәуелсіздік», «Ғашықтық ғұмыр»жыр жинақтары жарық көрген. Ақын М.Қайыңбаевпен бірігіп жазған «Сүзге сұлу» поэтикалық драмасыел тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген республикалық жабық байқауда жүлде алып, жеке кітап болып басылып шықты. Проза саласында да қалам тербеп жүр. "Әкемнің әлемі», «Дүрия дәурен» романдары мен «Мәңгілік мұра» монографиясы, әңгімелер мен хиткаяттардан тұратын «Бойтұмар», «Бәдізші біліктері» (тәмсілдер кітабы)» жинақтары жарық көрген. «Жүгініс түні жеткенде» атты традегедиясы сахналанған. Сондай-ақ «Ырыс арнасы», М.Қасымбековпен бірлесіп жазған «Нұрсұлтан деп ат қойдым...» публицистикалық кітаптарының, «Екі тілде іс жүргізу» анықтамалық сөздіктерінің авторы. Әуесқой сезгер ретінде де танымал. Оның Н.Нүсіпжанов, Г.Хамзина, А.Исағұлова, М.Омаров, Е.Стамғазиев, Т.Кенішханұлы, Т.Нұрахметова сияқты әншілердің орындауындағы туындылары республикалық эфирден беріліп тұрады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Кербұлақ ауданының Құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2635
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
843
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2635
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
