Абылайхан Құлбаев
Абылайхан Құлбаев — 1951жылы 20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданы Мариевка елдімекенінде туған. 1968 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, Петропавл қаласындағы педагогикалық училищеде сабақ беріп жүрген жерінен әскер қатарына шақырылады. Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарады.
1976 жылы "Пионер" журналында көркемдеуші редактор болып, онжылға жуық әйгілі ақын, қоғам қайраткері Фарида Оңғарсынованың қарамағында жемісті қызмет істеді. Сол жылдар ҚазМУ-дың журналистика факультетін бітіреді. Одан кейін қазақша және орысша екі тілде, жеке-жеке жарық көретін "Арай", "Заря" журналдарының жауапты хатшысы болды. 1986 жылы "Өнер" баспасына директордың орынбасарлығына тағайындалады. Осы жылдары Жоғары Кеңестің құрмет грамотасымен марапатталады.
1991 жылдан бастап "Шарапат", одан кейін "Абылайхан—Дос К" деген серіктестік құрып, жеке кітап шығару ісімен айналысады. 1995 жылы нарықтык экономика кезінде іскер ұйымдастырушылық қабілетімен көріне бастаған белсенді басшы ретінде "Балауса" баспасына директорлыққа шақырылады. Тәуелсіздіктің алғашқы экономикалық қиыншылық жылдарында да "Балауса" баспасы балаларға керекті кітаптарды шығарып келді. "Мәдени мұра" бағдарламасына сай, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің тікелей балаларға деген қамқорлығымен әлем балалар әдебиетінің 50 томдық тандамалы шығармаларын қазақ тілінде жарық көрсетуге басшылық жасап отыр. Алғашқы жылғы нәтижелі жұмыстары жоғары бағаланып "Қазақстан республикасының баспа және полиграфия ісінің қайраткері" атағына ие болды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1657
26.10.2026
1573
28.10.2026
1074
27.10.2026
889
26.10.2026
783
27.10.2026
773
28.10.2026
448
28.10.2026
390
24.10.2026
390
25.10.2026
388
28.10.2026
325
23.10.2026
256
25.10.2026
245
23.10.2026
219
21.10.2026
4383
22.10.2026
4235
20.10.2026
3375
07.10.2026
3283
15.10.2026
3211
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2574
09.10.2026
2289
05.10.2026
2288
30.09.2026
2174
08.10.2026
2131
15.10.2026
2120
14.10.2026
1876
