Оразақын Асқар
Оразақын Асқар (1935-2019) мамырда ҚХР, Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған. 1950 жылы Құлжа қаласындағы А.Қасыми атындағы «Білім жұрты» гимназиясында оқиды. Сол кезеңде облыстық «Жаңа жол» газетіне алғашқы өлеңдері жариялана бастайды. 1951 жылы Үрімжі қаласындағы «Ұлттар институты» тіл-әдебиет факультетіне түсіп, екінші курсында оқып жүргенде «Шыңжаң газеті» редакциясына қызметке шақырылады. Осы газетке, «Алға» және «Шұғыла» журналдарына, сол өлкедегі қазақ ақындарының екі томдық өлеңдер жинағына бір топ өлеңдері жарияланады. Әдеби бәйгеде «Ақ көгершін» атты өлеңі жүлделі орынға ие болады.
1955 жылы атамекені Қазақстанға қоныс аударып, 1961 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. 1955 жылы «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енеді.
Жолдамамен Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, этнография және археология институтында 1964 жылға дейін ғылыми қызметкер, одан 1970 жылға дейін Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, поэзия бөлімінде орынбасар болады. 1984 жылға дейін Кітап палатасында бөлім меңгеруші, 1995 жылға дейін «Жалын» баспасында аға редактор болып қызмет атқарады. «Әдеби мұра» бағдарламасына сәйкес «Балауса» баспасында бас редактор ретінде «Әлем балалар әдебиетінің» қазақ тіліндегі 50 томдығын шығару жұмысына атсалысады.
Алғашқы жеке жинағы 1964 жылы «Қазмемкөркемәдебиет» баспасынан «Тұңғыш» деген атпен жарық көреді. Одан бері 40-тан аса кітаптары баспадан шықты. Оның тең жартысы балаларға арналған. 1996 жылдан Жазушылар одағы Басқармасының мүшесі болған.
«Туған жердің картасы» атты поэмасы 1974 жылы жабық байқауда жүлдеге ие болады. «Қорықтар әлеміне саяхат» деп аталатын топтама өлеңдері 1983 жылы Қазақстан табиғат қорғау қоғамының бірінші бәйгесін алды. Ақынның он томдық етіп дайындалған шығармаларының алдыңғы бес томы 2004-13 жж. «Жалын» баспасынан жарық көрді. Қазақтың «Қара өлеңін» жинап, жүйелеп құрастырып, толықтыруларымен екі рет шығарады (1989, 1997). Қара өлеңнің «Ғашықтық-сүйіспеншілік жырлары» деп аталатын тарауы 1994 жылы Мәдениет министрлігі мен Ғылым академиясының Әдебиет институты бірігіп жариялаған ауыз әдебиетін жинаушыларға арналған бәйгеде бірінші орын алды. Ақын дүниежүзі халықтарының ауыз әдебиетіндегі қара өлең тектес өлең-жырларын қазақ тіліне аударған. Әлем елдерінің жырлары «Інжу-маржан» деген атаумен шықса, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің халықтық өлең-жырлары Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып «Досы көп ел - мәңгілік» деген атаумен кітап болып жарияланды.
Халықаралық «Алаш», Мұқағали атындағы және Түркі әлемі «Ақбозат» әдеби сыйлықтарының лауреаты, «Тәуелсіздіктің 10, 20 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, Панфилов ауданының Құрметті азаматы.
Шығармалары: «Тұңғыш». Өлеңдер, Алматы, «Қазмем-көркемәдебиет», 1964; «Мейірім». Өлеңдер, Алматы, «Жазушы», 1969; «Күнгей». Өлеңдер мен поэмалар, Алматы, «Жазушы» 1975; «Көкорай». Өлеңдер. Алматы, «Жалын», 1979; «Балцаразай». Өлеңдер мен поэмалар, Алматы, «Жазушы», 1981; «Сәулет». Өлеңдермен поэмалар. Алматы, «Жазушы», 1984; «Белжайлау». Өлеңдер мен поэмалар, Алматы,
«Жалын», 1985; «Өркеш». Таңдамалы Өлеңдер мен дастандар. Алматы, «Жазушы», 1987; «Қара өлец». Халық Өлеңдері. Жинаған О.Асқар. Алматы, «Жазушы» 1989; «Керімсал». Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, «Жазушы», 1991; «Баркөрнеу». Таңдамалы. Өлеңдер мен поэма. Алматы, «Жалын», 1992; «Орбұлақ». Өлеңдер. Алматы, «Әнуар», 2000; «Тәуелсіздік тартулары». Өлеңдер мен поэмалар. Алматы, «Өнер», 2001; «Отан деп оянғанда». Көптомдық. Алматы, «Жалын», 2004; «Ләйла». Өлеңдер. Алматы, «Жалын». 1977; «Таудай бол». Өлеңдер» Алматы, «Жалын», 1984; «Қос қоңырау». Өлеңдер. Өлеңдер, Алматы, «Рауан» 1985; «Расти большим». Орыс тіліндегі Өлеңдер. Аударған Бақыт Ғафуұлы. Алматы, «Жалын» 1989; «Таудай бол». Өзі сөйлейтін кітап. Өлеңдер. Алматы, «ТОО Тәлім-таным», 2012; «Қос қоцырау». Өлеңдер, ацыз-ертегілер, поэмалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. Алматы: Атамұра, 2014 ж., т.б.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…