Жұмабек Кенжалин
Жұмабек Кенжалин (1954 – 2018) 30 желтоқсанда Қостанай облысы Амангелді ауданы Жданов атындағы ұжымшарда туған. Әскер қатарында қызмет етті, шаруашылықтарда жұмыс істеді.
1981 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған соң, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1986-88 жж. «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болды. 1990 жылдан «Халық кеңесі» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары, 1994 жылдың қаңтарына дейін осы басылымның бас редакторы, 1996-97 жж. «Ақиқат» журналының бас редакторы, 1997-99 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1999-2006 жж. «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының президенті, «Қазақ газеттері» ЖШС- ның бас директоры, «Ана тілі» газетінің бас редакторы, 2006-09 жж. «Ақиқат» журналының бас редакторы, 2009 жылдың ақпанынан «Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры – редакторлар кеңесінің төрағасы болды. Қазақстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшесі, ХVІІ шақырылған халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. Саяси ғылымдарының кандидаты (2004).
«Желкілдеп өскен құрақтай», (1988, «Өнер»), «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз» (1998, «Қазақстан»), «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» (2005, «Өлке») деп аталатын деректі әңгімелер мен эсселер кітаптарының авторы.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1984), ҚР Президент сыйлығының иегері (2006), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Журналистер академиясының толық мүшесі-академигі (2001).
Көп оқылғандар
28.10.2026
2635
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
843
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2635
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
