Нұртөре Жүсіп
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп (1961 жылғы 29 сәуірде туған; Қазақ КСР Қызылорда облысы Шиелі ауданы) — Қазақ журналисті, қоғам қайраткері. «AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы (2008 жылдан бастап). Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016).
ӨМІРБАЯНЫ
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі кентінде дүниеге келген.
Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1918-1985), анасы - Байділдақызы Рабиға (1925 ж.т.), зейнеткер, Батыр Ана, күріш өсіруші.
1984 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі
Кітап авторы: «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақ қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006), «Мың құмырсқа және Біз».
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
- Еңбек қызметінің бірінші сатысын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газеті агроөнеркәсіп бөлімінің журналисі болып бастады. Бұл газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді.
- 1990-1996 жылдары – «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі, Бас редакторының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары.
- 1996-2002 жылдары – «Жас Алаш», «Ақ жол Қазақстан», «Егемен Қазақстан», «Астана Хабары» газеттерінің бас редакторы.
- 2008-2019 жылдары – «AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газетінің бас редакторы.
- 2019 жылғы 12 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
- "AMANAT" партиясының мүшесі.
МАРАПАТТАРЫ МЕН АТАҚТАРЫ
- Мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлесі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иесі (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес);
- Қазақстан Республикасы Журналистер Академиясының академигі;
- Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі;
- Қазақстанның құрметті журналисті;
- Қазақстан Журналистер Одағы Б. Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты;
- Қазақстан Журналистер Одағы С. Сәдуақасов атындағы сыйлықтың лауреаты;
- Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Президенттік сыйлықтың лауреаты;
- «Алтын Адам» - ұлттық сыйлығының лауреаты — Жыл адамы;
- Қазақстан Журналистер Одағы «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты (2000);
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі (2001);
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005);
- Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін "Құрмет" ордені (2009);
- «Тіл жанашыры» медалі (2014);
- Шиелі ауданының және Қызылорда облысының Құрметті азаматы (2018);
- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке алғыс хаты (2019 жылғы 26 маусым);
- Парасат Ордені (2021 жыл, желтоқсан).
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды