Өтеген Күмiсбаев
Өтеген Күмісбаев (1939 – 2016) 20 мамырда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, аудандық газетте әдеби қызметкер болып істеген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеді. 1969-74 жж. Мәскеудегі КСРО ҒА-ның Шығыстану институтында оқып, осы институттың аспирантурасына түскен. 1974 жылы «Тұрмағамбет Ізтілеуов және оның «Рүстем-Дастаны» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Көп жыл бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ұстаз болды. Филология ғылымдарының докторы. Оннан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптардың авторы. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, «Солидарность», «Литература и ты», «Мы – молодые» секілді Мәскеуде шыққан жинақтарда басылған, шет елдер тіліне аударылған. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсрау Дехлевидің «Жұмақтың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Раушан мен жүзім» өлең-поэмалар кітабын (1987) тәржімалады. Р.Ғамзатов, Вс.Рождественский, Явухулан жырларын қазақшалаған. Поляк революционері Янушкевич жөнінде роман жазған.
Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай және Шығыс» (1995), «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» (1997) монографиялары бар.
Шығармалары: Тұңғыш. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Алақан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Менің кішкентай үйрегім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Жапырақтар түсіп жатыр. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1969; Ақбота. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Ақ шолпан. Өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1974; Ауылдан шыққан жол. Әңгімелер.
«Жазушы», 1975; Горный кумыс. Стихи. М., «Советский писатель», 1976; Степная рапсодия. Стихи. М., «Советский писатель», 1983; Екі перне. Сын. А., «Жазушы», 1980;
«Тұрмағамбет Ізтілеуов және оның «Рүстем-Дастаны». Монография. А., «Наука», 1982; Ортақ арна. Сын. А., «Жазушы», 1985; Казахская поэзия и Восток. Монография. А., 2000; Иран әдебиетінің тарихы. Монография. А., 2002.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1925
28.10.2026
1714
26.10.2026
1580
27.10.2026
949
26.10.2026
801
27.10.2026
799
28.10.2026
477
28.10.2026
460
28.10.2026
398
24.10.2026
396
25.10.2026
393
29.10.2026
355
28.10.2026
303
23.10.2026
259
21.10.2026
4387
22.10.2026
4240
20.10.2026
3378
07.10.2026
3293
15.10.2026
3214
20.10.2026
2931
09.10.2026
2882
16.10.2026
2576
05.10.2026
2293
09.10.2026
2292
30.09.2026
2176
08.10.2026
2133
15.10.2026
2126
28.10.2026
1925
