Эрнест Төреханов
Эрнест Төреханов - 1943 жылы 12 қарашада Алматы облысының Кеген ауданындағы Жалаңаш ауылында туған. 1960 – 62 жж. «Алматы жилстрой» тресінде құрылысшы болып жұмыс істеген. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің орыс филология факультетіне түскен. 1963 – 66 жж. әскер қатарында болды. Одан оралған соң оқуын сырттай жалғастырып, «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде корректор, әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі болған. Маңғышлақ, Торғай облыстары ашылғанда өз еркімен Маңғыстауға қоныс аударып, мұнайшылар мен кеншілер (уран кеншілері) өмірімен жете танысты. Ұзақ жылдар «Жазушы», «Жалын» баспаларында, «Қазақфильм» кино-студиясында жұмыс істеді. «Наука и высшая школа Казахстана» газетінің бас редакторы болған. 1990 жылы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, осы қоғамның «Ақ Жарық» – «Белый Свет» атты газетінің бас редакторы, «Ұлы дала» газетінің бас редакторы болды.
Алғашқы кітабы «Хантәңірі» (әңгімелер) 1978 жарыққа шықты. Одан соң «Алтын шеңбер» (1982, повестер мен әңгімелер), «Таудан түскен із» (1983, повестер), «Ер кезегі» (1984, роман және повесть), «Алыстағы ақ қала» (1987, роман), «Ескендір мен Роксана» (роман), «Алматыда күн ашық» (2009) кітаптары жарық көрді.
1982 жылы «Таудан түскен із» повесі республикалық жастар конкурсының («Жалын») жеңімпазы атанды. «Алыстағы ақ қала» романы үшін Мұхтар Әуезов атындағы сыйлыққа ие болды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақ тілі» қоғамының «Қазақ тілінің қаһарманы» алтын медалімен марапатталған.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1661
05.10.2026
1539
05.10.2026
1529
08.10.2026
1401
09.10.2026
1280
08.10.2026
800
08.10.2026
673
05.10.2026
648
05.10.2026
545
09.10.2026
494
09.10.2026
378
09.10.2026
193
18.09.2026
3166
21.09.2026
3152
25.09.2026
3062
17.09.2026
2822
29.09.2026
2284
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1929
12.09.2026
1911
30.09.2026
1900
27.09.2026
1748
07.10.2026
1661
25.09.2026
1610
11.09.2026
1569
05.10.2026
1539
