Бексұлтан Нұржекеұлы
Бексұлтан Нұржекеев - 1941 жылы 22 ақпанда бұрынғы Талдықорған облысының Жаркент ауданында туған. Орта мектепті бітірген соң, екі жыл «Көктал» қой кеңшарында жұмысшы болып істеген. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің фило- логия факультетін бітірген. 1965 – 68 жж. Талдықорған облысының Панфилов ауданына қарасты Үшарал орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, 1968 – 69 жж. Панфилов аудандық комсомол коми тетінің екінші, бірінші хатшысы, 1969 – 72 жж. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1972 жылы «Жалын» альманахы проза бөлімінің меңгерушісі, 1973 – 76 жж. «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болды. 1976 – 79 жж. «Жалын» баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы, 1989 – 92 жж. «Парасат» журналының бас редакторы болды. 1992 жылдан «Жалын» баспасының директоры.
Алғашқы повесі 1968 жылы «Кінәлі махаббат» деген атпен «Жұлдыз» журналында, «Бір өкініш, бір үміт», «Жау жағадан алғанда» т.б. көптеген кітабы шықты. «Өзендер өрнектеген өлке» атты тарихи-этнографиялық эссесі жарық көрді.
Жазушының шығармашылық жетістіктері туралы әр кезде Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары, сыншы Мұхаметжан Қаратаев, жазушы Оралхан Бөкей, ғалым-жазушы Ақселеу Сейдімбек, жазушы-драматург Дулат Исабеков, сондай-ақ сыншылар Х.Әдібаев, Ж.Дәдебаев; Т. Сыдықов, А.Ісмақова, Г.Пірәлиева, С.Жұмабеков, Ә.Меңдеке тағы басқалар жоғары баға бере отырып жазды.
Жазушының жекелеген шығармалары ұйғыр, татар, эстон, өзбек, саха тілдеріне аударылса, орыс тілінде «В ожидании» романы, ағылшын тілінде «Күтумен кешкен ғұмыр» романы, «Шыңғысхан – қазақ жауынгері» және «Кінәлі махаббат» шығармалары жеке-жеке кітап болып шықты. Қытайда «Темір қақпан» деген әңгімелері мен повестері жарық көрді.
«Бір өкініш, бір үміт» түрік тіліне аударылып, кітап болып шықты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерімен және бірнеше медаль- дармен марапатталған. Халықаралық «Алаш» әдеби және Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері. Алматы облысының және Панфилов ауданының Құрметті азаматы. «Ай, дүние-ай!» атты романы үшін 2016 жылы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Құрметті жазушысы (2019).
Шығармалары: Күй толғақ. Әңгіме- лер мен повестер. А., «Жазушы», 1972; Күтумен өткен ғұмыр. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1974; Бір ғана махаббат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1982; Өзендер өрнектеген өлке. Тарихи-этнографиялық эссе. А., «Жалын», 1984; В ожиданий. Роман. А., «Жалын», 1985; Ерлі-зайыптылар. Роман.А., «Жазушы», 1987; Жау жағадан алғанда. Роман. А., «Жалын», 1993; Әйел жолы – жіңішке. Әңгімелер мен повестер. Роман. «Жалын», 1998; Ой ұшқын. А., 2003. «Өзендер өрнектеген өлке»; 13 томдық шығармалар жинағы(2014); «Әй, дүние-ай!» романы (2015).
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды