Ұзақбай Доспанбетов
Ұзақбай Доспанбетов (1941-2021) 30 наурызда Алматы облысы Ескелді ауданының Қаратал ауылында туған. ҚазМУ-дың филология факультетін (1966), Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің Кешкі марксизм-ленинизм университетін (1978) бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімі ретінде бастап, кейін журналистік жұмысқа ауысқан. Алматы облысындағы Текелі қала-сының №6 орта мектебінде (1961- 63), Елтай, Мичурин сегіз жылдық мектептерінде (1963 – 65) мұғалім; Балқаш аудандық «Балқаш еңбеккері» газетінде (1965 – 67), республикалық Радио үйінде (1967 – 69), Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Бапасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1969 – 74), «Қазақстан коммунисі» (1974 – 76), «Жұлдыз» (1976 – 88) журналдарында, «Ұлан» газетінде (1994 – 95) редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі сияқты қызметтер атқарған.
Көптеген кітаптардың авторы. Республикалық мерзімді баспасөз беттерінде прозалық шығармалары, өткір әдеби-сын мақалалары, проблемалық очерктері жарияланған. Біраз жас әдебиетшілерге ағалық қамқорлық көрсеткен. Бұрын өмір сүрген Жетісудың әйгілі ақыны Бақтыбай Жолбарысұлы кітабының жарыққа шығуына, Пішән Жәлмендіұлы, Қыдырәлі Меңлібайұлы, Сәмет төре Малаев, Арап Тоқпақов сияқты ақындардың, тағы басқалардың тұңғыш рет баспасөз бетінде танылуына ықпал еткен. Көп жылдар бойы «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарының алқа мүшесі болған, әрі «Балдырғанның» жыл сайынғы үздік әңгімелері үшін берілетін сыйлығының иегері, осы журналдың отыз жылдық тойында Қазақстан комсомолы ОК-нің Құрмет Грамотасымен марапатталған. 2012 жылы «Бейбітшілік әлемі» халық- аралық қазақ шығармашылық бірлестігінің «Абылай Хан» алтын медалін алған. Өзінің туған Қаратал ауылының Құрметті азаматы (1999), сондай-ақ Ескелді ауданының Құрметті азаматы (2009).
Шығармалары: Кәрі қобыз күйіповестер мен әңгімелер. «Жазушы» баспасы, 1970; Гауһар тас, повесть. «Жазушы» баспасы, 1973; Сырғалы қыз, повестер мен әңгімелер. «Жазушы» баспасы, 1975; Қардағы гүл, повестер мен әңгімелер. «Жалын» баспасы, 1978; Сағым, повестер мен әңгімелер. «Жалын» баспасы, 1981; Ел есінде, роман. «Жазушы» баспасы, 1983; Шың мен шыңырау, роман. Бірінші кітап. «Жазушы» баспасы, 1986; Шың мен шыңырау, роман. Екінші кітап. «Жазушы» баспасы, 1991; Мелодия старого кобыза, повести и рассказы. Издательство«Советский писатель», Москва, 1989; Жылусыз от, роман. «Сөздік – словарь» баспасы, 2000; Қызыл жолбарыс, тарихи роман. Бірінші кітап. «Ғылым» баспасы, 2000; «Қызыл жолбарыс», тарихи роман. Екінші кітап. «Ғылым» баспасы, 2000; Абылайдың ақ туы, тарихи роман. Бірінші кітап. «Мерей» баспасы, 2004; Аяз бен аптап, повестер мен әңгімелер. «Жазушы» баспасы, 2004; Ғарыш әні, повестер мен очерктер. «Қайнар» баспасы, 2006; Тіл өнері дертпен тең, әдеби – сын мақалалар, зерттеулер. «Мария» баспасы, 2006; Абылайдың ақ туы, тарихи роман. Екінші кітап. Алматы, «Самара – Принт» баспасы, 2008; Жылусыз от, роман (қайта басылым). «Баянжүрек» баспасы, 2009; Бес томдық шығармалар жинағы. «Қазығұрт» баспасы, 2011; Шың мен шыңырау, 1 – 2 томдар (қайта басылым). «Қайнар» баспасы, 2009, 2011; Асылдың сынығы, «Сөздік – словарь» баспасы, 2014; Абылайдың ақ туы. Бірінші кітап (қайта басылым). «Баянжүрек» баспасы, 2019; Жәлменде би. Роман (романның толық нұсқасы интернетке енгізілген).
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды