Мырзатай Жолдасбеков
1954 – 55 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған. ҚазМУ-ді бітірген (1960). 1960 – 64 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент, 1964 – 67 жылдары аспирант. 1970 – 74 жылдары аға оқытушы, доцент, 1974 – 77 жылдары филология факультетінің деканы болды. 1977 – 87 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры, 1987 – 88 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, 1988 – 90 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, 1991 – 93 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, 1993 – 97 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, 1997 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді. Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады. “Халықтар достығы”, “Құрмет” ордендерімен марапатталған.
Шығ.: V – XIV ғасырлардағы көне әдебиет нұсқалары. Ертедегі әдебиет нұсқалары, А., 1967; Асыл арналар, А., 1986, 1990; Күлтегін, А., 1986; Тоқсан толғау (Н. Төреқұловпен бірге), А., 1992; Жүз жыл жырлаған жүрек, А., 1993; Асыл сөздің атасы, А., 1996; Ел тағдыры – ер тағдыры, А., 1997.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4222
22.10.2026
1826
26.10.2026
1523
22.10.2026
1126
28.10.2026
1027
22.10.2026
848
27.10.2026
784
26.10.2026
750
27.10.2026
718
22.10.2026
689
22.10.2026
427
25.10.2026
382
21.10.2026
4371
22.10.2026
4222
20.10.2026
3365
07.10.2026
3273
15.10.2026
3207
20.10.2026
2910
09.10.2026
2860
29.09.2026
2815
16.10.2026
2569
09.10.2026
2277
05.10.2026
2270
30.09.2026
2167
08.10.2026
2126
15.10.2026
2111
