Ғаппар Біләл
Белгілі жазушы, ақын Ғаппар Біләлұлы 2013 жылдың 6-шы маусымында өмірден озды. Өмірінің соңын Қазақ елі топырағында өткізген қаламгердің артында мол әдеби мұрасы қалды. Ғ. Біләлұлы 1938 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. 1960 жылы Тарбағатай педагогика институтын бітірген. 1961-1976 жылдары ұлтшыл, оңшыл деген жала жабылып, айдауда және еңбекпен өзгерту мекемелерінде болған. 1979 жылы қайта ақталып, 1992 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарған. Қаламгер бүгінгі күнге дейін 400-ден астам өлең, 70 әңгіме, 4 повест, 2 роман жазған. Көмтеген әдеби зерттеу, сын мақалаларының авторы.
Ғ. Біләлұлының 2012 жылы қазақ әдебиеті тарихында белгілі дүмпу тудырған «Ғасырлық ызғар» (бұрынғы басылымда «Ғасырлық қуғын») романы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығынан жарық көрген. «Жазушы қаламынан туған «Ғасырлық ызғар» романын кезінде қытай қазақтары арасында қолдан-қолға өткен құнды кітап деуге болады. Шығарманың басты кейіпкері – Боранқұлдың ғасырға жуық өмірінде басынан өткізген адам төзгісіз қиындықтарын, кешкен қанды қырғындарын көрсету арқылы қаламгер қазақ үркіншілігін, ұлтымыз душар болған алмағайып кезең шындығын шебер жеткізген. Романның оқиға желісі ширақ, тілі тартымды» делінген кітаптың бастау сөзінде.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
