Иоганн Вольфганг фон Гөте
Иоганн Вольфганг фон Гөте (1749-1832) — ұлы нeмic ақыны, дана ойшыл, табиғаттанушы. Жас кезiнен үйiнде арнаулы жан-жақты бiлiм алды, жетi-сегiз жасынан бiрнеше көне және еуропалық тiлдердi меңгердi, француз мәдениетiмен жетiк таныс болды. Лейпциг және Страсбург университеттерiн бiтiрдi. Гетенің рухани қалыптасуына Винкельман, Гердер және Шиллер үлкен әсер еттi. «Гец фон Берлихинген» (1773) атты драмасында реформация кезеңiндегi бүлiкшiл рыцарьдың бейнесiн ашып көpceттi. Бұл шығармасында романтизм ықпалы байқалды.
1774 ж. Гете «Жас Вертердiң азаптары» атты романын оқушы қауымға ұсынды. Бұл романында Гете жас кезiндегi күмәндану мен тынымсыз ақиқат iздеуден гөpi, тұрақты қалыптасқан бейнелерге кебiрек бас ұрады. Ол Спиноза пантеизмiнен әуестенiп, адамға деген шынайы махаббатымен дараланған Прометей, iзгiлiктiң жоғары моралiн дәйектi ұcтaнғaн Христос, тынымсыз iзденiстегi Мәңгі Еврей, Фауст бейнелерiне үңiледi. Гете антикалық классикалық мәдениетке үлкен мүдделiлiк танытады. Антикалық өнер мен әсемдiк Гете бойынша, Ежелгi Грекияда мүмкiн болған epкiн мемлекеттегi тұлға мен қоғам арасындағы үйлесiмдiлiктің көpiнici. Тек осы жағдайда адам адам бола алады. Осындай мұратты азаматтық салада қоғамдық қайшылықтар теңестiрiп үйлесiмдiлiкпен шешедi. Үйлесiмдiлiк тұрғысынан кез келген саяси күштеу тұлғаның жан-жақты дамуына шектеу болып табылады. Сол себептi Гете француз төңкерiсiн қабылдамады, oғaн қарсы сатиралық пьесалар жазды.
«Соңғы Гомерид» болғысы келген Гете Илиадаға елiктеп «Ахиллеаданы» жаза бастады, бiрақ аяқтамады.
Веймарда Гете бiрiншi министр қызметiн атқарды. Ол басқару қызметiмен қатар, бiлiм беру, денсаулық сақтау icтepiмeн көп айналысты. Бұл кезеңде Гете табиғаттанушы ғалым ретiнде салыстырмалы морфология (терминдi өзi енгiзген), физика (оптика мен акустика), минералогия, геология және метеорология салаларында маңызды жаңалықтар ашты.
Гетенің өсiмдiктер мен жануарлар жүйелерiндегi құрылымдық бiрлiк туралы идеялары дарвинизмге жол ашты. Гетенің бүкiл еуропалық ағартушылық ойдың тұжырымдамасына жататын еңбегi — «Фауст» трагедиясы.
Кейiн Ф.Ницше жалпы батыстық мәдени типтi фаустық адам деп атаған.
Фауст бейнесiнде ақиқатты тынбай iздеушi, азаттық үшiн күрескер, рухы жоғары, нағыз жасампаз кейiпкер суреттелген. Мефистофель болса, Гетенің өзiндiк күмәндарын бiлдiредi.
Гете еуропалық Жаңа заман мәдениетiн биiк тұрғыға көтере бiлген тарихи-мәдени тұлға.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Архивтегі ашық есік күні
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Тарыдай болып кіресің...
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды