Сәрсенбі Дәуітов
Сәрсенбі Дәуітов (1947 жылы туған, ҚХР, Шығыс Түркістан, Шыңжаң өлкесі, Шын Пэн Зи қаласы) – филология ғылымдарының докторы (2001). ҚазҰПУ-ды бітірген (1970). 1970 - 1971 ж. Қазақ телерадио комитетінің редакторы, 1972 - 1973 ж. Талдықорған облыстық (казіргі Алматы облысы) "Октябрь туы" (казіргі "Жерұйық") газетінде, 1973 - 1974 ж. Фрунзе қалалық ішкі істер бөлімінде, "Лениншіл жас" (казіргі "Жас Алаш"), 1974 - 1975 ж. "Социалист Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газеттерінде қызмет аткарған. 1975 - 1998 ж. Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми кызметкер, аға ғылыми кызметкер. Т.Рысқұлов атындағы Басқару академиясында, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында жұмыс істеген. 2002 жылдан Д.А. Қонаев атындағы университеттің профессоры. Алғашқы өлеңдер жинағы "Сыбаға" деген атпен 1978 ж. жарыққа шықты. Дәуітов сондай-ақ "Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті" (1983), "ХІХғ-дағы қазақ ақындары" (1988) зерттеу кітаптарын жазып шығаруға қатысты. Дәуітовтің алғы сөзімен және құрастыруымен қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің екі томдык таңдамалы шығармалар жинағы алғаш рет жарық көрді (1990; 1991). Дәуітовтың құрастыруымен "Төле би" (1993), Қ.А. Йасауидің "Диуани хикмет" (1993, М. Жармұхамедұлымен бірге), "Абылай хан" (1993), "Тезек төре" (1996) және т.б. ғылыми-танымдық жинақтар басылып шықты. Дәуітов аударма саласында қырғыз ақыны С.Меймұловтың "Әуен" атты кітабын қазақ тіліне аударған. Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
