Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Алма Қыраубаева
Алма Қыраубаева Мүтәліпқызы - (1947-2001). Қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998), Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1997). 1947 жылдың 26 мамырында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бірқазан станциясында дүниеге келді.
Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ әдебиетке бейімділігін танытқан шәкірт өлеңдері мен әңгімелері аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып, мамандар мен оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді. Сыр бойына айтыскер ақын, белдескенін жыққан балуан ретінде танылған Мүтәліп әкесінің тәрбиесі де болашақ ғалымның өміріне даңғыл жол ашты. Орта мектепті алтын медальмен бітірген Алма Мүтәліпқызы арман қуып Қазақстандағы іргелі оқу орны С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетіне оқуға түсті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне ерекше бір леп әкелген жаңа толқынмен бірге осы оқу орнын бітірген (1970) талантты түлек ұстаздарының назарына ілігіп, аспирантураны да тәмамдайды (1973).
1974-2000 жылдар аралығында қазақ ғылымының қара шаңырағына айналған осы университетте ғылыми-педагогикалық қызмет атқарды. А. Қыраубаева қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен қазақ әдебиетіндегі шығыс поэзиясының ықпалы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ұстаз-ғалымның қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін зерделеудегі еңбектері әдебиетті дәуірлеу кезеңдеріне қатысты тұжырымдарда үлкен маңызға ие болды. Әдеби жәдігерлерді зерделеудегі ғалымның көзқарастары көне дәуір мұраларын зерттеу бағытындағы ғылыми мектептің қалыптасуына негіз болды. Ғалымның табанды зерттеулерінің нәтижесінде оның қаламынан «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988), «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Жаным садаға» (1995), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты монографиялар мен оқу құралдары, жүзден астам ғылыми-әдістемелік, публицистикалық мақалалар жарыққа шықты.
Алма Қыраубаеваның педагогика саласындағы еңбектері мен ұстанымдары да жаңа буынды тәрбиелеуде, оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда тың тұжырымдарымен ерекшеленді. Оның 1993 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты О. Жандосов ауылында ашқан гуманитарлық қазақ мәдениеті мектеп-лицейі оқу-ағарту жүйесін реформалаудағы жаңашыл бастамалардың біріне айналды. Шәкірттердің Ел Жер Әлем Мен кеңістігіндегі дүниетанымын кеңейту ғалымның «Сенім» бағдарламасының басты мақсаты болатын. Шәкірттер «Әлемтану», «Елтану», «Ислам мәдениеті», «Еуропа мәдениеті» т.б. секілді жоғары оқу орындарында оқытылатын арнайы курстармен осы киелі шаңырақта-ақ танысты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ғалым бастамасымен ашылған бұл мектеп қазақ баласының білімді де білікті тұлға ретінде қалыптасуына сара жол ашты. Шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленген ұстаз-ғалым қазақ мектептеріне арналған тұңғыш «Ежелгі әдебиет» оқулығының (1996), жоғары оқу орындарына арналған «Ежелгі дәуір әдебиеті» хрестоматиясының (1991) авторы.
Ел астанасының ғылыми қуатын қалыптастыру жолында ғалым еңбек жолын Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің профессоры қызметімен жалғастырды және Қазақ ұлттық музыка академиясы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болды.
Алма Қыраубаева қазақтың ән өнерін насихаттап, зерттеуде де үлкен үлес қосты. Жыр алыбы Жамбылдың ұмытылған ән-термелерін жинақтап, өз орындауында Қазақ радиосының Алтын қорына жаздырып, «Жамбыл әуендері» жинағын құрастырды.
А. Қыраубаева 2001 жылы 5 ақпанда Астана қаласында дүние салды.
Қазіргі таңда өзі оқыған орта мектептің аты ғалым атымен аталады.
Шығармалары: «Қисса жанрының өзіндік ерекшеліктері», Алматы, 1985; «Абайдың поэмалары», Алматы, 1985; «Ежелгі дәуір әдебиеті», Алматы, 1995; «Жаным садаға», Алматы, 1995; «Шығыстық қисса-дастандар», Алматы, 1997; 5 томдық шығармалар жинағы.1-том. Ғасырлар мұрасы, 2008; 5 томдық шығармалар жинағы. 2-том. Ежелгі әдебиет. Алматы, 2008; 5 томдық шығармалар жинағы. 3-том. Шығыстық қисса дастандар. Алматы,2010; 5 томдық шығармалар жинағы. 4-том. Жаным садаға. Алматы, 2011.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
844
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
832
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
742
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
680
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
589
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
458
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
313
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
293
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899