Тұрсын Әбдуәли
Тұрсын Әбдуәли - 1939 жылдың 1 кыркүйегінде Алматы облысының Көксу ауданындағы Мұсабек ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргенен кейін еңбек жолын Айнабұлақ теміржол станциясында жұмысшы болып бастаған ол 1958-1962 жылдарда әскер қатарына шақырылып, азаматтық борышын өтеген. Кейін В.И.Ленин атындағы Москва Мемлекеттік педагогикалық институтында оқи жүріп, үш жылдық Марксизм-Ленинизм университетінің журналистика факультетін, Свердлов мемлекеттік педагогикалық институтын, Москва қоғамдық ілімдер Академиясын бітірген. 1963-1998 жылдар аралығында журналистік және жауапты партия қызметтерінде – Талдықорған облыстық партия комитетінде ақпарат құралдары бойынша нұсқаушы, лектор тобының жетекшісі болған. Осыдан соң саяси ағарту үйінің меңгерушісі, облыстық телевизия және радио коммитетінің төрағасы, сондай-ақ аудандық, облыстық газеттердің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, облыстық «Октябрь туы», «Жерұйық» газетінің бас редакторы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі сынды қызметтерде болған. 2002 жылға дейін Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында саясаттану және философия пәндері бойынша аға оқытушы болып қызмет істеген. 2021 жылы өмірден өткен.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2617
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2617
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
