Сауытбек Абдрахманов
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, журналист, әдебиеттанушы, аудармашы Сауытбек Абдрахманов 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Қазығұрт ауданында туған.
Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітіргеннен (1975) кейін “Социалистік Қазақстан” республикалық газетінің редакциясына әдебиет және өнер бөлімінің тілшісі қызметіне тұрған. Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің нұсқаушысы, мәдениет және өнер секторының меңгерушісі, кейіннен Президент Әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары қызметтерінде ол баспасөз, мәдениет саласына қатысты көптеген маңызды мәселелердің шешілуіне атсалысты, тәуелсіздік идеологиясын қалыптастыруға өзіндік үлесін қосты. Әр жылдарда Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, республикалық телерадиокорпорацияның бірінші вице-президенті, Ақпарат министрі ретінде осы салалардың жұмысын жақсартуға көп еңбек сіңірді.
Сауытбек Абдрахмановтың қаламгерлік қарымы, азаматтық алымы қазақ баспасөзінің қара шаңырағы – ”Егемен Қазақстан» газетін басқарған жылдарында (2000-2016) жарқырай ашылды. С.Абдрахманов басқарған кезеңде газет сөзі салмақты, ойы орнықты, мазмұны терең, беделі жоғары басылым ретінде берік орныға түсті, таралымы 212 мың данаға жетті.
Алтыншы және жетінші шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты. Мәжілістегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Абдрахмановтың «Біздің Пушкин», «Төлтума мен телтума», «Коран и Пушкин», «Перевод поэзии и поэзия перевода», «Әдебиет әлемі», «Өнер әлемі», «Абыз Әбіш», «Аударма алыбы» сияқты еңбектері отандық әдебиеттануға, өнертануға қосылған қомақты үлес ретінде бағаланады, ал пушкинистикаға қатысты зерттеулері Ресей сөз өнері академиясының «Ревнителю просвещения» медалімен аталып өткен.
С.Абдрахманов арабтың Бейбарыс сұлтан туралы халық романын, Виктор Гюгоның «Аласталғандарын» (екінші кітап) қазақ тіліне аударған.
Көрнекті публицистің сан салалы еңбегі Қазақстан Кинематографистер одағының сыйлығымен (1974), Б.Бұлқышев атындағы республикалық жастар сыйлығымен (1981), Қазақстан Журналистер одағының сыйлығымен (1982), журналистика саласындағы Президент сыйлығымен (2000), “Жыл журналисі” атағымен (2006) аталып өтті. 2005 жылы “Парасат” ордені, 2011 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 2019 жылы ол Отанымыздың басты наградаларының бірі – I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Халқымыздың кемеңгер ойшылы, ерек суреткері Әбіш Кекілбаевтың сан салалы шығармашылығының философиялық тереңдігін айқара ашқан «Абыз Әбіш» кітабы үшін С.Абдрахманов 2020 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
2021 жылы «Елдік ерлігі» атты бес томдық публицистикалық еңбектер жинағы, 2022 жылы 10 томдық шығармалары жарық көрді. Қаламгердің жекелеген туындылары ағылшын, араб, түрік, өзбек, қырғыз, тәжік тілдеріне аударылған. С.Абдрахмановтың әдебиеттанушылық мақалалары Ресейдің «Литературная газета», «Независимая газета», «Комсомольская правда», «Аргументы и факты» сияқты беделді басылымдарында шыққанын атап айту артық емес. «Өнегелі өмір» сериясымен 2021 жылы басылған «Сауытбек Абдрахманов» атты кітап та автордың биік беделінің бір белгісі.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды