Факир Байкурт
Факир Байкурт (лақап аты Fakir Baykurt; шын есімі — Тахир Вели; 30.04.1929 жылы Акчакөй, Бурдур облысында туылған; 11.10.1999 жылы Эссенде дүниеден өткен) – түрік жазушысы. Шаруа отбасында дүниеге келген. 1949 жылы Мұғалімдер ауыл институтын, 1955 жылы Анкара қаласында Гази институтын бітірген. 1960 жылы Бастапқы білім беру мектебінде инспектор, 1971 жылы солшыл демократиялық бағыттың көрнекті өкілі ретінде Түркияның Жұмысшы партиясының жетекшісімен бірге тұтқындалып, 1973 жылға дейін қамауда болады. 1946 жылдан бастап ақын ретінде жарық көре бастайды. 1950 жылдардан бастап түрік ауылдарының өмірі жайлы барлық әлеуметтік шиеленіс қарама-қайшылықтардың жаңадан бой көтеруі, прозашы ретінде шынайы шығармалары шығады. «Секпіл» («Çilli», 1955), «Құрсақ ауруы» («Karın ağrısı», 1961), «Қортық Мухаммет» («Cüce Muhammet», 1964) және т.б. әңгімелер жинағы, «Жыландардың өші» («Yılanların öcü», 1959, орыс.ауд. 1964) және «Иразджи тіршілігі» («İrazcanın dirliği», 1961) роман-дилогиясы, «Оныншы ауыл» («Onuncu köy», 1961, орыс.ауд. 1967), «Американдық орама» («Amerikan sargısı», 1967) және т.б. романдары бар. Сонымен қатар, балалар әңгімелерін де жазған.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1664
05.10.2026
1545
05.10.2026
1529
08.10.2026
1447
09.10.2026
1365
08.10.2026
805
08.10.2026
675
05.10.2026
652
09.10.2026
643
05.10.2026
549
09.10.2026
516
09.10.2026
216
18.09.2026
3167
21.09.2026
3154
25.09.2026
3062
17.09.2026
2822
29.09.2026
2286
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1930
12.09.2026
1911
30.09.2026
1903
27.09.2026
1749
07.10.2026
1664
25.09.2026
1614
11.09.2026
1569
05.10.2026
1545
