Шoйинка Вoлe
Акинванде Воле Бабатунде Шойинка (Воле Сойинка, ағыл. Akinwande Oluwole "Wole" Soyinka, 1934 жылдың 13 шілдесі, Абеокутада өмірге келген) — нигериялық драматург, жазушы, ақын. Йоруба тілінде әңгімелер, ағылшын тілінде проза мен драмалар жазған. 1986 жылы «Поэзия мен театрдың мәдени келешегіне зор үлес қосқаны үшін» әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанған.
Батыс Нигерия, Абеокута қаласында бастауыш мектеп директорының және йоруба халқының дүкен иегері көпбалалы жанұясында дүниеге келген.
1950 жылы Ибадандағы Үкіметтік колледжін бітірген. Сосын Лагос қаласына көшіп, нигериялық радио таратуда әңгімелер мен радиопьесалар жазған, клерк боп жұмыс істеген. 1952 жылы Ибадандағы Университет колледжіне оқуға түсіп, көне грек тілі, тарихы мен ағылшын әдебиетін зерттеген. Оқу барысында ол Нигерия тәуелсіздігі үшін қозғалыстарға белсенді түрде қатысқан.
1954 жылы Ұлыбританияға көшіп, Лидс университетінде театр өнері мен ағылшын әдебиетін оқиды. 1957 жылы бакалавр дәрежесін үздік бітіріп, Шойинка диссертация жұмыстары үшін Лидсте қалады. Осы уақытта, ол ескі және қазіргі уақыттағы Африка күресіне арналған өзінің «Батпақ тұрғындары» («The Swamp Dwellers») және «Арыстан мен інжу-маржан» («The Lion and the Jewel») атты екі пьесасын жазды.
1958 жылы Лондонға барып, «Ройал-Корт» театрында студенттік кезде орындаған «Батпақ тұрғындары» пьесасын дауыстап оқушы болып, сонымен қатар нәсілшілдікке қарсы өзінің «Жаңсақ» («The Invention») жаңа пьесасында жұмыс істейді. 1960 жылы Нигерияға оралып, «Маски-1960» әуесқой театрлық тобын құрады. 1962 жылы Ифа универсиетеінде ағылшын тілі мұғалімі болды. Ол африкалық дәстүр үшін пікір-таласатындармен бірге еуропалық мәдениетке қарсы шықты.
1970 жылы Шойинка Еуропаға барып, Кембридж университетінде тәжірибеден өтіп, дәріс береді. Және үш басты пьесасын жазған: «Иероним Метаморфозалары» («Jero's Metamorphosis»), «Вакханкалар» («The Bacchae») және «Өлім және атты патша» («Death and the King's Horseman»). Оның түрмедегі еске түсірілуі «Адам өлді» («The Man Died») шығармасы 1972 жылы жарияланған.
1975 жылы Шойинка «Жаңа өткел» («Transition») журналының редакторы болып Гананың астанасы Аккраға көшіп келген.
1975 жылдың шілдесінде президент Я.Говона биліктен кеткеннен кейін Шойинка Нигерияға оралады, бір жылдан кейін қайтадан Ифа университетінде ағылшын тілі профессоры болған.
1981 жылы Батыста Шойинкидің «Аке: Балалық шақ» («Ake: The Years of Childhood») афтобиографиясы жарық көреді. Қазіргі уақытта ол ХХ ғасырдың ең үздік африкалық кітабы болып саналады. (бұл тізімге сонымен қатар Шойинкидің «Өлім және атты патша» пьесасы кіреді).
1984 жылы нигериялық Жоғарғы сот «Адам өлді» пьесасы қойылымына тыйым салды.
1986 жылы Шойинка Африкалық жазушылар арасынан «Поэзия мен театрдың мәдени келешегіне зор үлес қосқаны үшін» әдебиет бойынша Нобель сыйлығын алған. Шойинка өзінің Нобельдік лекциясын Нельсон Манделеге арнады.
Шойинка проза және драмалық шығармаларымен қатар бірнеше ақын жинақтарын, оның ішінде өте танымал «Түрмеден өлеңдер» («Poems From Prison», 1969) және осы «Табыт қақпасы» («А Shuttle in the Crypt», 1972) атты жинақтың қосымша әрі кеңейтілген баспасы жарық көрді.
Шойинка үйленген, бір ұлы мен үш қызы бар.
Қайнар көз: ru.wikipedia.org
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды