Шәкәрім Жарқын
Жарқын Жақияұлы Шәкәрім 1973 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны бітірген.
1973 – 76 ж. Мәскеудегі Бүкіл – одақтық «Мелодия» фирмасының күйтабаққа (граммпластика) жазу студиясында аға редактор; 1976 – 80 ж. «Жалын» баспасында редактор; 1980 – 82 ж. Республикалық музыка аспаптары мұражайының тұңғыш директоры қызметтерін атқарған.
Ж. Шәкәрім – 8 кітаптың авторы: «Әміре» (1977), «Ән жұлдызы» (1978), «Әміре Қашаубаев» (1980, орыс тілінде), «Малайсары биден Шәмілге дейін» (1997), «Ән асқары» (1998), « Тас кескен тағылымы» (2001, Б. Айтқазинмен бірлесіп жазған), «Нұрғиса Тілендиев» (2003, Д. Тіледікелінімен бірлесіп жазған), «Әміре Қашаубайұлы» (2006).
1974 ж. Мәскеудегі КСРО Мемлекеттік Орталық мұрағатынан Фонографика жазылған қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубаевтың орындауында «Ағаш аяқ», «Смет», «Бесқарагер», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Балхадиша, «Дудар - ай», әндерінің үнтаспасын тауып, 1975 ж. күйтаспағын жарыққа шығарады.
Ж. Шәкәрім үш ішекті домбырада орындауында көптеген халық күйлері және өзінің бірнеше күйлері бар – « Таскескен», «Абыралыдағы ата зары», «Дүние - кезек», «Темір - Шерткен», «Құртқа тәуіп» және т.б.
1997 ж.қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесі үшін Ж. Шәкәрімге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
2007 ж. Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығымен көп жылдық шығармашылық еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы мәслихатының шешімімен 2007 ж. «Үржар ауданының құрметті азаматы» атағын алды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1925
28.10.2026
1713
26.10.2026
1580
27.10.2026
949
26.10.2026
801
27.10.2026
799
28.10.2026
477
28.10.2026
460
28.10.2026
398
24.10.2026
396
25.10.2026
393
29.10.2026
355
28.10.2026
303
23.10.2026
259
21.10.2026
4387
22.10.2026
4240
20.10.2026
3378
07.10.2026
3293
15.10.2026
3214
20.10.2026
2931
09.10.2026
2882
16.10.2026
2576
05.10.2026
2293
09.10.2026
2292
30.09.2026
2176
08.10.2026
2133
15.10.2026
2126
28.10.2026
1925
